Түлектерді жұмысқа орналастыру: Қарағанды қаласының жұмыспен қамту орталығымен ынтымақтастықтың жаңа қырлары

Түлектерді жұмысқа орналастыру: Қарағанды қаласының жұмыспен қамту орталығымен ынтымақтастықтың жаңа қырлары24.01.2022 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің Ресурстық орталығында "Қарағанды қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы" КММ директоры Нұржан Хамитұлы Сыздықовпен, жұмыс берушілерді қолдау бөлімінің басшысы А. А. Жақановамен және жұмыс берушілерді қолдау бөлімінің маманы А. Абдрашитовамен кездесу өтті.
Кездесуде "Қарағанды қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы" КММ өкілдері (https://instagram.com/czn_karaganda?utm_medium=copy_link) 2022 жылдың ақпан айынан бастап ЖОО-ларға қолжетімді болатын бос жұмыс орындарының тізімі бар ұйымдардың жаңа тізілімін енгізуге ерекше назар аударылды, бұл мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алған түлектерді тиімді бөлуге, сондай-ақ университеттің басқа түлектеріне бос жұмыс орындары туралы ақпарат беруге мүмкіндік береді.
Кездесу барысында өңір жастарын жұмысқа орналастыру мақсатында Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті мен жұмыспен қамту орталығы арасындағы өзара іс-қимылдың нәтижелілігін арттыру бойынша келісімдерге қол жеткізілді.

 

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus