«Ғылыми зерттеулерге шығындарды жоспарлау (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ғылыми жобаларын гранттық қаржыландыру конкурсы аясында)» тақырыбында семинар
2022 жылдың 27 қаңтарында ZOOM PhD платформасында «Қаржы» кафедрасының аға оқытушысы, ҚарҰК БЖСМ мүшесі Тынгышева А.М. ғылыми-зерттеу жұмыстарының шығындарын жоспарлау (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ғылыми жобаларын гранттық қаржыландыру конкурсы аясында)» тақырыбында ғылыми семинар өткізді. Ғылыми семинар жұмысына ҚарҚУ оқытушылары қатысты. Семинар барысында ғылыми зерттеулерді бюджеттеу мысалдары қарастырылды.