Белсенді ОҚУ-ҒЫЛЫМИ-ӨНДІРІСТІК КЕШЕН

Белсенді ОҚУ-ҒЫЛЫМИ-ӨНДІРІСТІК КЕШЕН

Алғашқы медициналық-санитариялық көмек биопсихоәлеуметтік үлгі базасында медициналық көмек көрсету жүйесінің негізі болып табылады және аурулар мен жай-күйлердің профилактикасы, диагностикасы, оларды емдеу, әлеуметтік-медициналық оңалту, сауаматты өмір салтын қалыптастыру және халықты санитариялық-гигиеналық ағарту жөніндегі іс-шараларды қамтиды. Қолжетімді және сапалы алғашқы медициналық-санитарлық көмекті қамтамасыз ету мамандардың, оның ішінде денсаулық сақтау жүйесінің әлеуметтік қызметкерлері мен психологтарының кәсіпқойлығына байланысты.

Психология, педагогика және әлеуметтік жұмыс кафедрасы медициналық мекемелердегі ОҒӨК серіктестерімен тұрақты негізде өзара іс-қимыл жасайды. 2022 жылғы 2 ақпанда «Психология және білім берудегі менеджмент» және «Әеуметтік жұмыс» білім беру бағдарламаларының студенттеріне «Алғашқы медициналық-санитарлық көмек деңгейіндегі әлеуметтік-психологиялық жұмыс» тақырыбында «Гиппократ» МФ ЖШС директорының орынбасары В.А. Нестерованың «платина» дәрісі өткізілді. Салауатты өмір салтын қалыптастырудың, жастардың репродуктивті денсаулығын нығайтудың, күйзелісті және күйзеліске төзімділікті басқарудың әлеуметтік-психологиялық әдістері мен технологиялары талқыланды.

Белсенді ОҚУ-ҒЫЛЫМИ-ӨНДІРІСТІК КЕШЕНБелсенді ОҚУ-ҒЫЛЫМИ-ӨНДІРІСТІК КЕШЕНБелсенді ОҚУ-ҒЫЛЫМИ-ӨНДІРІСТІК КЕШЕН

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL