Олимпиада
2022 жылдың 25 ақпанында Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің "Туризм және мейрамхана ісі" кафедрасының ұйымдастыруымен "Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі", "Туризм" мамандықтар бойынша Қарағанды қаласының 10-11 сынып оқушылары арасында олимпиада өткізілді.
Олимпиадаға Бауыржан Момышұлы атындағы № 45 мектеп, Үштөбе тірек мектебі, № 82, № 48, № 2 білім-инновациялық лицей оқушылары қатысты.
Қатысушылардың жалпы саны-41 адам. Іс-шара жақсы деңгейде өтті.
Барлық қатысушыларға қызығушылық танытқандары үшін алғыс айтамыз!
Дипломдар мен алғыс хаттарды тарату-04.03.2022 жылға дейін.
Олимпиада нәтижелері университет сайтында - www.keu.kz, Instagram желісіндегі кафедра парақшасында (@keu_tur_rd) 03.03.2022 ж дейін жарияланады.