Құқық негіздері бойынша олимпиада
2022 жылдың 25 ақпанында Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің қабырғасында Қарағанды қаласының 11 сынып оқушылары арасында "Құқық негіздері" пәні бойынша олимпиада өткізілді. Іс-шара мемлекет пен құқық мәселелеріне қызығушылық танытқан талантты жастарды тарту және қолдау мақсатында өткізілді. Олимпиадаға келесідей құрамадағы командалар қатысты: "№9 Гимназия" КММ, "№63 ЖББМ" КММ, "№66 мектеп-лицей" КММ, "Қаныш Сәтпаев атындағы Гимназия" КММ, және "№59 ЖББМ"КММ.
Мектеп командаларының қатысушылары өз білімдерін қолдана отырып, әр түрлі жеке және командалық тапсырмаларды орындады. Бұл құндылық оқушылар тарапынан кәсіби бағдарлау үшін баға жетпес тәжірибе ретінде бағаланды. Олимпиада қорытындысы бойынша I дәрежелі дипломмен "№9 Гимназия" КММ "Лидер" командасы марапатталса, I I дәрежелі дипломмен "№63 ЖББМ" КММ "Оптимисты", және "№66 мектеп-лицей" КММ "Ареопаг" командалары марапатталды, Сондай-ақ I I I дәрежелі дипломмен "№66 мектеп-лицей" КММ "Болашақ", "Қаныш Сәтпаев атындағы Гимназия" КММ "Зерде", "№59 ЖББМ" КММ "Темис"командалары марапатталғандығын атап өтуге болады. Барлық командалар дипломдармен марапатталды, ал топ жетекшілері мен мектеп директорларына алғыс хаттар табыс етілді.