Академиялық адалдық-жарқын болашақтың кепілі».

Академиялық адалдық-жарқын болашақтың кепілі».

2022 жылғы 2 наурызда Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша Департаменті (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) жанындағы сыртқы талдау және бағалау арнайы мониторингтік тобы басшысының орынбасары Бейбіт Қайыржанұлы Жұмабековпен «Адал білім - жарқын болашақ кепілі» тақырыбында кездесу өтті.
Кездесуді ашқан әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор Қ.Ж. Әбілов: «университетте Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру бойынша белгілі бір жұмыстар жүргізілуде. Жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын қалыптастыруда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық тәрбиеге ерекше рөл берілуге тиіс. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие жастар саясатының бағыты болып табылады, сондай-ақ біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттырудың шешуші факторы болып табылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиенің мақсаты жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қатысты азаматтық ұстанымды қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық көріністеріне теріс көзқарасты қалыптастыру үшін қажетті құндылық ұстанымдарын тәрбиелеу және қабілеттерін дамыту болып табылады» - деді.
Б. Қ. Жұмабеков студенттерге мониторингтік топтың жұмысы, студент жастарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша міндеттер, сыбайлас жемқорлықтың ұлттық қауіпсіздікке төнетін қатерлері мен тәуекелдері туралы айтып, студенттерді жарқын болашақтың кепілі ретінде Академиялық адалдық қағидаттарын сақтауға шақырды. Содан кейін «Саналы ұрпақ» университеттік студенттік бірлестігінің жұмысы туралы ЭҚЗ ҒЗИ жетекшісі, аға ғылыми қызметкері Орынбеков Алмас Сәбитұлы айтып берді. Кездесудің соңында, спикерлер студенттердің сұрақтарына жауап берді.

 

 

Академиялық адалдық-жарқын болашақтың кепілі». Академиялық адалдық-жарқын болашақтың кепілі». Академиялық адалдық-жарқын болашақтың кепілі».
Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL