«Ұжымда жағымды психологиялық қарым-қатынас орнату» тақырыбындағы тренингі
«Психология, педагогика және әлеуметтік жұмыс» кафедрасы «Даму» оқу-ғылыми-өндірістік кешенінің қатысушы-мүшелерімен ынтымақтастықты табысты дамытуда. Ынтымақтастықтың жаңа бағыттарының бірі аймақтың жетекші мекемелерімен «Психология және білім берудегі менеджмент» білім беру бағдарламасы бойынша психолог мамандарды бірлесіп даярлау болып табылады. Педагогикалық ұжымдағы қатынастар жұмыс процесінің тиімділігіне үлкен әсер етеді. Әр қызметкердің өзінің жеке, кейде қиын, мінезі, қалауы бар. Сондықтан ұжымдағы қарым-қатынас психологиясын білу маңызды рөл атқарады. Өзара түсіністік атмосферасын қалай құруға болады? Әлеуметтік психологиялық клиаматты жақсартудың көптеген психологиялық формалары мен әдістері бар, олардың ішінде тренингке ерекше орын беріледі. Кафедраның аға оқытушылары Исина С.С. және Жакишева Г. С. «№2 оқушылар сарайының педагогтарымен» ұжымда оң қарым-қатынас құру тақырыбында тренингтік жаттығулар өткізді. Педагогтердің пікірлері бойынша тренинг қызықты, сапалы өтті, психологиялық қорғау ресурстарының ашылуына ықпал етті, сондай-ақ педагогтердің эмоционалдық көңіл-күйін жақсартты.
Ынтымақтастық «ДАМУ» ОҒӨК туралы келісімге сәйкес жалғасатын болады.