Барлық мамандықтар қажет, барлық мамандықтар маңызды!

Барлық мамандықтар қажет, барлық мамандықтар маңызды!

2022 жылдың 15 наурызында университетте «Қарағанды қаласының Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қолдауымен заң мамандықтары бойынша оқитын жастардың құқық қорғау органдарының өкілдерімен кездесуі өтті.
Іс-шараны аша отырып, әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор Қ.Ж. Әбілов Мемлекеттік қызметке, атап айтқанда құқық қорғау органдарына жұмысқа түсу шарттары бойынша құқық қорғау органдарының практикалық қызметкерлерімен кездесулердің университет түлектері үшін өзекті мәні бар екенін атап өтті.
Қонақтар - Қазақстан Республикасы ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы бастығының орынбасары Сейтжанов Олжас Теміржанұлы, Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық прокуратурасының бөлім бастығы Райымбеков Айдос Ғабдоллаұлы жастармен өздерінің өмірлік тәжірибесімен, өз мамандығын таңдау ерекшеліктерімен және құқық қорғау органдарындағы жұмысымен бөлісті.
Кездесу болашақ заңгерлердің үлкен қызығушылығын тудырды, көптеген сұрақтар қойылды, оларға қонақтар толық жауап берді. Кездесуге «Қарағанды қаласының Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры Джамалов Якуб Хамидович қатысты.

 

Барлық мамандықтар қажет, барлық мамандықтар маңызды! Барлық мамандықтар қажет, барлық мамандықтар маңызды!
Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL