ТҰРМЫСТАҒЫ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ
Өрт - әрдайым алапат, ауыртпалық, бақытсыздық. Соған қарамастан, көпшілік адамдар өрт кезіндегі қарапайым ережелерді білмейді. Бала күннен белгілі – «101-ге қоңырау шалу»-дың өзін үрей, байбалам кезінде естен шығарып, ұмытып кетіп жатамыз. Басты ереже - ешқашан үрейленіп, байбалам күйге түспеу!
Өрт қауіпі өнеркәсіп пен мекемеде ғана емес, тұрмыста да кездеседі: - тұрғын үйде, жеке автокөлікте және көлікжайда да, саяжайлық аумақта және т.с.с. Сондықтан, өнеркәсіпте қамтамасыз еткендей, тұрғын жай және басқа орындарды алғашқы өрт сөндіру құралдарымен (өрт сөндіргіш және т.с.с.) қамтамасыз ету қажет.
Пәтерлер мен тұрғын бөлмелерде:
- жанғыш заттар, жеңіл тұтанғыш заттар және газ баллондарды балкондарда және лоджияларда сақтауға;
- төсекте және арнайы темекі шегуге әзірленбеген жерлерде темекі шегуге;
- екі қабаттан жоғары үйлерде газ балондарын қолдануға;
- балкондар мен лоджиялардан темекі тұқылын лақтыруға;
- әзірленіп жатқан асты газ немесе тоқ плитасында қараусыз қалдыруға және тұрмыстық электр құрылғыларын (теледидар, үтік, шәйнек, шаш кептіру құрылғысы және т.с.с.) тоққа қосылған күйінде қалдыруға;
- балаларды қараусыз қалдыруға тыйым салынады.
Ең бірінші әрі міндетті ережені есте сақтаңыз: пәтерде түтіннің әлсіз иісі келген кездің өзінде, ашық жалынның өзін айтпағанда, «101» немесе «112» ге қоңырау шалу керек.
Өртті өз күшімен сөндіру көп жағдайларда нәтижесіз болады да уақытты жоғалтуға себеп болады және ол өрттің едәуір өршіп таралуына әкеліп соғады.
Өрт сөндіру қызметіне хабарласқаннан кейін, ересектер мен балаларды, қарттар мен сырқат адамдарды қауіпсіз жерге шығарып, жақын пәтерлердегі көршілеріңізді хабардар етіңіз. Пәтердегі немесе саты алаңындағы электр қалқанын қолданып электр көзін өшіріңіз. Ас бөлмесіндегі газ келетін жүйені жабыңыз. Егер сіздің үйіңіз түтін шығару жүйесімен қамтамасыз етілген болса , оны іске қосыңыз. Өрт сөндірушілердің келуін күтпей өртті қолда бар құралдармен – шелектегі сумен, өрт сөндіру құралымен, дымқыл тығыз матамен және т.с.с сөндіруге кірісіңіз.
АҚ штабының бастығы Н.Әлімқұлов