Ғылым және жоғары білім форумы

Ғылым және жоғары білім форумы

2022 жылдың 24-25 тамызында Нұр-Сұлтан қаласында «Адам капиталы - Жаңа Қазақстанды дамытудың негізгі ресурсы» деген тақырыпта ғылым және жоғары білім форумы өтті.

Форум жұмысына академиялық мәселелер және стратегиялық даму  жөніндегі проректор С.Т.Абеуова, ғылыми-зерттеу  және интеграциялық қызмет жөніндегі проректор Г.Е.Накипова, ЭҚЗ ҒЗИ директоры Т.А.Ханов, Қазтұтынуодағы ҚарУ-дің жас ғалымдар Кеңесінің жетекшісі А.М.Тынгишева қатысты.

Форум аясында қазіргі заманғы білім берудің негізгі үрдістері талқыланды, Қазақстан Республикасы жоғары білім беру жүйесінің жаһандық трендтерге сәйкес дамуының бағыттары айқындалды, сондай-ақ ЖОО-лар мен ғылыми ұйымдар үшін басымдықтар мен міндеттер қалыптастырылды. Форум спикерлері ретінде Қазақстаннның ғылым және жоғары білім  Министрлігінің өкілдері, ЖОО-лар мен ғылыми ұйымдардың басшылары, өкілдері, жұмыс берушілердің топ-менеджерлері, өкілдері, Қазақстанның студент қоғамдастығы, жас ғалымдар, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысты.

Біздің өкілдер:

  • Қазақстанның ғылымы және жоғары білім беруі: өзгерістер нүктелері;
  • Кредиттік оқыту технологияларының жаңа жағдайларындағы бағалау жүйесі;
  • Ғылымиметрикалық деректер негізінде стратегиялық шешімдер қабылдау және THE И QS-ге олардың әсері;
  • Технологияларды комерцияландырудың практикалық мәселелері;
  • Қазақстан жастар көзімен;
  • Адам капиталы – ел экономикасын дамытудың негізгі ресурсы сияқты әртүрлі сессиялар жұмысына қатысты.

Ғылым және жоғары білім форумыҒылым және жоғары білім форумыҒылым және жоғары білім форумыҒылым және жоғары білім форумы

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL