Маркетинг және логистика кафедрасы өз оқытушыларының біліктілігін арттырады
Кәсіби шеберлікті, сондай-ақ білім беру қызметтері нарығындағы бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін Маркетинг және логистика кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы өзінің теориялық білімін тұрақты түрде жақсартады және маркетинг және логистика саласындағы курстарды игеру арқылы алған дағдыларын шыңдайды.
Осылайша, кафедра меңгерушісі, э.ғ.к., доцент Мажитова Сауле Калиевна Coursera платформасында IE Business School халықаралық бизнес мектебінен Marketing Mix Fundamentals (маркетинг-микс негіздері) онлайн курсынан өтіп, аталған курсты сәтті аяқтағаны туралы сертификат алды.