Психологтарды даярлау: жаңа білімдер мен тәжірибелер
Психология, педагогика және әлеуметтік жұмыс кафедрасы 28.09.2022 ж. "Кинезис" қалпына келтіру медицина орталығының психологы А. Р. Широковамен және " Психология және білім берудегі менеджмент" ББ 2 курс студенттерімен келесі сұрақтарға жауап беру мақсатында кездесу ұйымдастырды: "өз ісінің маманы болу үшін не қажет? Практикалық психологтың кәсіби қызметі жайлы және психологиялық көмек көрсетудің заманауи тәсілдері туралы көбірек қалай білуге болады?».
Александра Руслановна «Денеге бағытталған психотерапия» семинарының бағдарламасын таныстырды, біздің студенттер қатыса алатын алдағы уақыттағы курстар мен тренингтер туралы ақпараттар айтты. Практикалық психологтар адамдармен жұмыс жасау барысында психологиялық теорияны шынайы қолданатындықтан, олармен қарым-қатынас жасау әрдайым қызықты және мазмұнды өтеді.
Бұл кездесу студенттерді психотехнологиялармен және кәсіби қызмет әдістерімен танысуға ынталандырады. Біздің ынтымақтастығымыз жалғасуда. Жаңа кездесулерді күтеміз!