Жоғары білімнің тұрақты дамуы және болашағы
2022 жылғы 29-30 қыркүйекте Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің өкілдері "Жоғары білімнің орнықты дамуы және болашағы" жоғары білім берудегі сапаны қамтамасыз ету жөніндегі жыл сайынғы V Еуразиялық форумға қатысты(Астана қ.).
Форум 2022 жылғы 18-20 мамырда Барселонада өткен ЮНЕСКО-ның "2030 жылға дейінгі кезеңге арналған Орнықты даму мүддесіндегі білім беру" жаһандық бағдарламасы және ЮНЕСКО-ның жоғары білім беру жөніндегі Үшінші дүниежүзілік конференциясының "жол картасы" контекстінде орнықты даму мақсаттарына қол жеткізудің негізгі факторы ретінде жоғары білімнің жаңа өзекті мәселелеріне арналған.
Сессия тақырыптары:
- Жоғары білім сапасын қамтамасыз етудің құндылықтары мен жаңа тәсілдері (оның ішінде мұғалім-оқытушыны даярлау арқылы білім беру жүйесін жетілдіру);
- Оқытуды және басқару тиімділігін жақсарту үшін цифрландыру;
- Қол жетімділікті кеңейту және өмір бойы оқыту.
Әлемнің түрлі елдерінен танымал спикерлердің сөз сөйлеу нәтижелері бойынша қатысушылар университеттердің қызметін жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірледі, олар біздің ЖОО-да да табысты іске асырылады деген үміттеміз!