Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінде "Кәсіпкерлермен сабақ" өтті
2022 жылғы 11 қазанда Ресурстық орталық "Атамекен" ҰКП-мен бірлесіп, түлектер үшін "Кәсіпкерлермен сабақ" ұйымдастырды, оған:
1) "A. V. Group" ЖШС директоры Алескеров Владимир Владимирович;
2) "Terricon School"ЖШС атқарушы директоры Булгунаев Бағлан Александрович ;
3) "Терриконовая долина" ЖШС коммюнити-менеджері Саратовкина Ангелина Павловна қатысты.
Жас кәсіпкерлер мен студенттер жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту перспективалары талқыланды.
Кездесу өз бизнесін бастауға мүдделі студенттерге қол жетімді мүмкіндіктерді талқылау алаңына айналды. Кәсіпкерлер бизнесті бастау үшін перспективалы бағыттар, қызметті жүргізудің қандай форматтары стартта неғұрлым ыңғайлы, студенттік стартаптар мен кәсіпкерлік дағдыларды табысты дамыту үшін ЖОО не істей алатындығы туралы айтып берді. Сондай-ақ студенттер бизнесті дамытудың кез келген кезеңінде қол жетімді мемлекеттік қолдау шаралары туралы білді. Сабақ барысында "болашақ мамандықтары", сондай-ақ талап етілмеген мамандықтар талқыланды. Кәсіпкерлер біздің өңірдегі еңбек нарығының қазіргі жағдайы туралы толық ақпарат берді.
Табысты кәсіпкерлер өз ісінің практиктері бола отырып, студенттер үшін қызықты, сондықтан сабақ өте танымдық және позитивті өтті.