Студенттерге арналған «Аралық бақылауға дайындық кезінде эмоционалды стрессті жеңілдетуге» атты тренинг
1-Қыркүйек – Білім күнінен бері оқудың алғашқы 7 аптасы да өтіп, аралық бақылау уақыты жақындай түсті. Дайындық барысында білім алушылар көптеген мәтіндік материалдарды, формулаларды, графиктерді, ережелерді есте сақтайды. Әдетте, барлық білім алушылар үшін емтихан тапсыру жағдайы бірдей, дегенмен, емтихан алдындағы әрбір студенттің сезімі мен уайымы әралуын болатыны да рас.
Осы орайда ППжӘЖ кафедрасы оқытушысы А.А. Исаев пен «Психология және білім берудегі менеджмент» ББ 2 курс студентті Адамбекова Айнара 1 жатақхана студенттері үшін «Аралық бақылауға дайындық кезінде эмоционалды стрессті жеңілдету» атты тренинг өткізді.
Тренингтің мақсаты: эмоционалды шиеленісті жеңілдету, аралық бақылауға дайындық кезінде студенттердің психологиялық денсаулығын нығайту.
Тренингке қатысқан студенттердің басым көпшілігін еліміздің батыс өңірінен келген студенттер құрады. Тренинг барысында алынған жағымды әсерлер және орындалған қызықты жаттығулар аралық бақылаудың барлық сынақтарынан сәтті өтуге көмектеседі деп үміттенеміз. Сәттілік!