Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінде "Күміс университеті" жобасы басталды

Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінде "Күміс университеті" жобасы басталды

2022 жылдың 1 қарашасында университетте lifelong learning ("Өмір бойы оқыту") тұжырымдамасы аясында жоба басталды. "Күміс университеті" жобасын іске асыру аға буын адамдарының шығармашылық және кәсіби дамуына жағдай жасайды.
Бүгінде "Күміс университетте" 10 адам оқиды. Оларға қазақ тілі, цифрлық және компьютерлік сауаттылық бойынша сабақтарға тегін қатысуға мүмкіндік берілді.
Жоба аға буын азаматтарының өмір сүру сапасы мен әлеуметтік белсенділігін арттыруды, дене және психикалық денсаулығын нығайтуды көздейді.
Сабақтарды университеттің тәжірибелі оқытушылары өткізеді: ЦИ және IT аналитика кафедрасының аға оқытушысы А.С. Цицина, ф.ғ.к., Қазақ тілі мен мәдениеті кафедрасының доценті Т. Б. Жукеев.
Оқудан сәтті өткен тыңдаушыларға "Күміс университет" сертификаттары беріледі.

 

Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінде "Күміс университеті" жобасы басталды Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінде "Күміс университеті" жобасы басталды
Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus