"Ғылымдағы жастар: мәселелері мен даму болашағы" тақырыбында дөңгелек үстел

"Ғылымдағы жастар: мәселелері мен даму болашағы" тақырыбында дөңгелек үстел2022 жылғы 2 қарашада Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінде "Ғылымдағы жастар: мәселелері мен даму болашағы" тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Дөңгелек үстел Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру аясында Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің Жас ғалымдар Кеңесінің қолдауымен өткізілді.
Дөңгелек үстелге Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің оқытушылары мен студенттері қатысты. Сондай-ақ:
Бұл шараның қонақтары:
- Кәсіби сарапшылар:
-Тасболатова Балсұлу Қувандыққызы. Certified Coach (Erickson College Coaching International, Канада, Ванкувер), «Prof-Dialog» сараптамалық-аналитикалық бірлестігінің негізін қалаушы және жетекшісі, философия ғылымдарының докторы (PhD) «Ғылым мен технология заманауи өркениетті құрайды» тақырыбында баяндама жасады.
-Упашева Асылжан Аманжолқызы. Назарбаев Университетінің NURIS Инновациялық кластерінің бизнес-инкубаторының жетекшісі, МВА «Қазақстандағы технологиялық стартаптарды қолдау» тақырыбында баяндама жасады.
- Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының Жас ғалымдар кеңесінің төрағалары, нақты айтар болсақ: Ғ.Дәукеев атындағы Алматы энергетика және коммуникация университеті, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы, Е.А. Бөкетов, А.Сағынов атындағы ҚарТУ, «Болашақ» академиясы.
Айта кету керек, мұндай шара бастамашыл, талантты және ынталы жастарға тәжірибе алмасуға, іскерлік байланыс орнатуға және жаңа білім алуға бірегей мүмкіндік береді.

 

"Ғылымдағы жастар: мәселелері мен даму болашағы" тақырыбында дөңгелек үстел "Ғылымдағы жастар: мәселелері мен даму болашағы" тақырыбында дөңгелек үстел

 

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL