Судья мастер классы
2022 жылдың 17 қараша күні Экономикалық қатынастарды құқықтық реттеу кафедрасының ұйымдастыруымен Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы №2 аудандық сотының судьясы Алшынбеков Арай Амантаевич «Ведомстволық және соттылық» тақырыбында мастер класс өткізді. Мастер класста азаматтық, отбасылық, еңбек, тұрғын үй, қаржы, шаруашылық, жер қатынастарынан және басқа да құқықтық қатынастардан туындайтын даулар бойынша талап қою ісін жүргізудің азаматтық істері соттардың ведомстволығына жататыны туралы айтылды. Соттылық бойынша айрықша соттылық, шарттық соттылық, өзара байланысты бірнеше істердің соттылығы, істі бір соттың іс жүргізуінен алып, басқа сотқа беру сұрақтарының өзекті мәселелері қарастырылды.