"Менеджмент" ББ студенттері Кейс-Чемпионат дипломының иегері атанды
2023 жылғы 9-13 қаңтарда Алматы қаласында "Tutan Entrepreneurship - 2023"қысқы кәсіпкерлік мектебі өтті.
Біздің университеттен МН-22-2 тобының студенттерінен құралған "DCG Team" командасы қатысты: Мұстафин Әлішер, крохмал Никита және Қобай Айбек. Команда Кейс-Чемпионат Дипломымен марапатталды.
Сондай-ақ Мұстафин Әлішер сертификатпен марапатталды.
Құттықтаймыз және үлкен жеңістер тілейміз!