«ДАМУ» ОҒӨК: студенттердің әлеуметтік-психологиялық дайындығын арттырудағы стратегиялық әріптестік
Алғашқы медициналық-санитариялық көмек биопсихоәлеуметтік үлгі базасында медициналық көмек көрсету жүйесінің негізі болып табылады және аурулар мен жай-күйлердің профилактикасы, диагностикасы, оларды емдеу, әлеуметтік-медициналық оңалту, сауаматты өмір салтын қалыптастыру және халықты санитариялық-гигиеналық ағарту жөніндегі іс-шараларды қамтиды. Қолжетімді және сапалы алғашқы медициналық-санитарлық көмекті қамтамасыз ету мамандардың, оның ішінде денсаулық сақтау жүйесінің әлеуметтік қызметкерлері мен психологтарының кәсіпқойлығына байланысты.
Психология, педагогика және әлеуметтік жұмыс кафедрасы медициналық мекемелердің ОҒӘК серіктестерімен тұрақты негізде өзара әрекеттеседі. «Гиппократ» МФ ЖШС қызметкерлерімен «Психология және білім берудегі менеджмент» және «Әлеуметтік жұмыс» білім беру бағдарламаларының студенттеріне арналған «Алғашқы медициналық - санитарлық көмек деңгейіндегі әлеуметтік-психологиялық жұмыс» тақырыбында «платина» дәрісі өткізілді. Дәріс спикерлері: әлеуметтік мәселелер жөніндегі әлеуметтік-психологиялық қызмет директорының орынбасары В.А. Нестерова, Захарова Алена Денисовна - клиникалық психолог, Палагина Наталья, Золотых Наталья - әлеуметтік жұмыс мамандары, Киндзерская Виктория Юрьевна – акушер-гинеколог. Салауатты өмір салтын қалыптастырудың, жастардың репродуктивті денсаулығын нығайтудың, стресс пен стресске төзімділікті басқарудың әлеуметтік-психологиялық әдістері мен технологиялары талқыланды.