Аймақтық бухгалтерлік форум
2023 жылдың 16 ақпаны «Бухгалтерлік есеп және аудит» кафедрасы «VIP» ЖШС-мен бірге ұйымдастырған аймақтық бухгалтерлік форум өтті.
Форум аясында бухгалтерлік мамандықтың маңыздылығын көрсететін Қазақстан Республикасының салықтық және бухгалтерлік заңнамасына қатысты сұрақтар қарастырылды, бизнестің, ғылым мен білімнің жаңа қырлары зерттелді. Сонымен қатар, есеп пен қаржылық есептіліктің жаңа бағыттары анықтау бизнесті жүргізу, қаржылық және салықтық тәуекелдерді төмендетудің алғышарттары екендігі аталып көрсетілді.