«Академиялық талаптарға сай ғылыми мақала жазудың ережелері мен ерекшеліктері» атты мастер-класс

«Академиялық талаптарға сай ғылыми мақала жазудың ережелері мен ерекшеліктері» атты мастер-класс2023 жылдың 16 наурызында университетіміздегі «Достық» коворкинг орталығында «Академиялық талаптарға сай ғылыми мақала жазудың ережелері мен ерекшеліктері» тақырыбында мастер-класс өткізілді. Мастер-класс жұмысына Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің студенттері, ғылыми-студенттік қоғамдастық мүшелері қатысты.
«Психология, педагогика және әлеуметтік жұмыс» кафедрасының оқытушысы, магистр, Жас ғалымдар мен студенттер кеңесінің мүшесі Исаев Айтуар Айтымұлы ғылыми мақаланың бөлімімен жұмыс істеу әдістемесін, оны жазудың табыстылық өлшемдерін ұсынды. Сондай-ақ студенттерді ғылыми жарияланымды құру ережелерімен және ғылыми стильдің негізгі белгілерімен таныстырды.
Мастер-класс барысында студенттер ғылыми мақаланың ғылыми жұмыстардың басқа түрлерінен айырмашылығы неде екенін, оның мақсаттары мен міндеттерін, сондай-ақ ақпаратты іздеудің ең жақсы көздерін білді. Осы іс-шарада алынған білім жас зерттеушілерге отандық және шетелдік басылымдарда ғылыми мақаланы сәтті жазуға көмектеседі деп үміттенеміз.

 «Академиялық талаптарға сай ғылыми мақала жазудың ережелері мен ерекшеліктері» атты мастер-класс

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL