Стратегиялық әріптестік: ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаментімен меморандумға қол қойылды

Стратегиялық әріптестік: ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаментімен меморандумға қол қойылды

2023 жылғы 28 наурызда университет ректоры Ерқара Балқараұлы Аймағамбетов және ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаментінің басшысы Берік Мұхамеджанұлы Ахметов ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Меморандумның мақсаты Ұлытау облысының мемлекеттік органдары үшін кадрлар даярлау саласындағы ынтымақтастықты нығайту және дамыту болып табылады. Ынтымақтастықтың маңызды элементтері мемлекеттік ұйымдарда практикадан өту, ғылыми семинарлар, шеберлік сыныптары мен конференциялар ұйымдастыру болып табылады.
Департамент өкілдері меморандумға қол қоюдың салтанатты бөлігі аяқталғаннан кейін біздің студенттермен кездесті.
Қайыр Жанар Дайырқызы – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаменті Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы;
Әмірбек Ернұр Мұсаұлы – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы;
Сулейменова Гульмира Танатаровна – Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаментінің бас маманы;
Амантаев Нұрбол Манатұлы – «ҚР ТЖМ Ұлытау облысы ТЖД ӨСжАҚЖҚ (Жезқазған қаласы)» РММ КСБ Кадр саят бөлімінің бас маманы;
Керімбекова Асыл Базарбекқызы – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ұлытау облыстық аумақтық инспекциясы.
Кездесуде мемлекеттік қызметшілерді мектепке қабылдау, мемлекеттік қызметке іріктеу, сынақ мерзімі, мансаптық ілгерілеу (меритократия қағидаты), сондай-ақ факторлық-балдық шкалаға негізделген еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі мәселелері талқыланды.
Мұндай кездесулердің басты мақсаты мемлекет алдында тұрған міндеттерді шешуге жаңа идеялар мен жаңа тәсілдерді ұсына алатын белсенді және жауапты жастарды мемлекеттік қызметке тарту болып табылады.

 

Стратегиялық әріптестік: ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаментімен меморандумға қол қойылды Стратегиялық әріптестік: ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаментімен меморандумға қол қойылды Стратегиялық әріптестік: ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаментімен меморандумға қол қойылды
Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL