«ҚР ЖОО психологиялық қызметін дамыту» атты республикалық форум

«ҚР ЖОО психологиялық қызметін дамыту» атты республикалық форум30 мамыр күні Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті, Алматы қаласында өткен «ҚР ЖОО психологиялық қызметін дамыту» атты республикалық форумның қатысушысы болды.
Аталмыш іс-шара еліміздегі тұңғыш жоғарғы оқу орны Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің базасында «Психологиялық қызмет» секторының ұйымдастыруымен өтті.
Форумға республикамыздың түкпір-түкпірінен 58 жоғары оқу орнынан 80-нен астам психологтар, профессор-оқытушылар және проректорлар қатысты.
Университет атынан өкіл ретінде Психология, педагогика және әлеуметтік жұмыс кафедрасының оқытушысы Исаев Айтуар Айтымович қатысты.
Іс-шараның бірінші бөлімінде «Психологиялық қызметтерді дамыту және интеграциялау перспективалары» тақырыбанда PhD, қауымдастырылған профессор, психология ғылымдарының доценті – Маншүк Асқарқызының оқыту-тренингі өтті.
Сондай-ақ, осы форумда Абай ат. ҚазҰПУ психологтарының арнайы студенттер үшін өздері құрастырған «Шабыттан» атты психологиялық дәптерінің тұсауы кесілді.
Форум қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар табысталды.

 

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus