Бітіру іс-шаралары - 2023!

1

Құрметті түлектер, сіздерді біздің университетте оқуды сәтті аяқтағаныңызбен құттықтаймыз!

Биыл Қазтұтынуодағы Қарағанды университетін 43 жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша 1607 адам бітірді. 81 түлек үздік диплом алады. Түлектеріміздің 72% жұмысқа орналастырылған, 7% магистратура мен докторантурада оқуын жалғастыруды жоспарлап отыр.
2023 жылғы 26 маусым 7 шілде аралығында Сіздер үшін факультеттердің дипломдарды салтанатты түрде тапсыруы ұйымдастырылады.
- Студенттер сарайында (бакалавриат):
Экономика, басқару және кәсіпкерлік факультеті-2023 жылғы 26 маусым сағат 15.00;
Қаржы, логистика және цифрлық технологиялар факультеті – 2023 жылғы 27 маусым сағат 15.00;
Бизнес, құқық және технологиялар факультеті – 2023 жылғы 29 маусым сағат 15.00;
- мәжіліс залы (104 аудитория):
магистратура-2023 жылғы 30 маусым сағат 11.00.
Диплом алу үшін салтанатты іс-шараға қатысу мүмкін болмаған жағдайда, сіз ДАРВПО-ға (302 кеңсе) жүгінуіңіз керек. Жұмыс уақыты 9.00 - ден 18.00-ге дейін, түскі ас 13.00-ден 14.00-ге дейін. Демалыс: сенбі, жексенбі.
Егер сіз дипломды жеке ала алмасаңыз, онда сіздің өкіліңіз диплом алу үшін нотариалды куәландырылған сенімхатпен ДАРВПО-ға (302-кеңсе) жүгіне алады.
Баршаңызды салтанатты іс-шараларға қатысуға және біздің жаңа бейне қабырғамыздың жанында "Түлек-2023" тамаша естелік фотосуреттерін түсіруге шақырамыз!

1

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus