Конституция күніне арналған дөңгелек үстел

Конституция күніне арналған дөңгелек үстел

29 тамызда Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінде Конституция күніне арналған "Конституция – еліміздің дамуы мен гүлденуінің мызғымас негізі " атты дөңгелек үстел өтті

Конституция күні заңдылықтың, адам құқықтарын құрметтеудің, теңдік пен әділеттіліктің маңыздылығын еске салады. Конституция әділ және демократиялық қоғам құрудың негізі болып табылады.

Жыл сайын біз Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы жарқын мерекеге құрмет көрсетеміз. Университеттің конференц-залындағы дөңгелек үстел әртүрлі көзқарастарды жинауға мүмкіндік берді және еліміздің Конституциясын нәтижелі талқылауға ықпал етті.

Іс-шараның модераторы Экономикалық қатынастарды құқықтық реттеу кафедрасының аға оқытушысы Сарбасов Бегзат Атаркулович болды. Сондай – ақ, іс - шараға Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы – Айгүл Төлегенқызы Муталяпова, Қарағанды облысы ПД тергеу басқармасы бастығының орынбасары-Арман Серкпайұлы Десюпов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қарағанды облысы бойынша облыстық департаменті басқармасы басшысының орынбасары- Мынгишев Арыслан Кабылтаевич қатысты.

Іс-шараның қорытындысы Бизнес, құқық және технология факультетінің деканы Рахимгулова Мәншүк Болатқызының құттықтауы болды.

Конституция күніне арналған дөңгелек үстелКонституция күніне арналған дөңгелек үстелКонституция күніне арналған дөңгелек үстелКонституция күніне арналған дөңгелек үстел

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL