Жасыл трансформация жолындағы тұрақты дамуды басқарудың Еуропалық тәжірибесі (EPOS)

Жасыл трансформация жолындағы тұрақты дамуды басқарудың Еуропалық тәжірибесі (EPOS)

Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің оқытушылары мен сту-денттерінің командасы «Жасыл трансформация жолындағы орнықты дамуды басқарудың Еуропалық практикасы» (EPOS) курсының сәтті аяқталғаны туралы қуана хабарлайды. Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу курсы Эразмус+ модуль Жан Моне бағдарламасы аясында әзір-ленді және студенттерге тұрақты даму принциптері мен оны Еуропада жүзеге асыру туралы терең түсінік берді.
2023 жылдың 6 ақпанынан 21 мамырына дейін курсқа қатысушылар Еуропадағы тұрақты дамуды басқарудың озық тәжірибесін зерделеуге және оны біздің аймақтың алдында тұрған заманауи сын-қатерлер мен мүмкіндіктерге қолдануға бірегей мүмкіндік алды.
Оқуды аяқтаған студенттер орнықты дамудың экономикалық және экологиялық аспектілері саласында терең білім алып, Еуропада қолданы-латын озық басқару технологиялары мен әдістемелерімен танысып және орнықты даму мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған әлеуметтік-экономикалық жобаларды талдау және бағалау дағдыларын иеленді.
Курсты игеру нәтижелері бойынша қатысушылар «EdaDarom», «FinGreenPro» сияқты ең жарқын жобаларды іске асыру бойынша қызықты әлеуметтік және экономикалық жобаларды ұсынды және одан әрі белсенді жұмыс жалғастырылатын болады.
Біз курсты меңгергендердің барлығына алғысымызды білдіреміз және алынған білім мен дағдылар сізге мансапта және күнделікті өмірде әлем-дегі тұрақты даму және жасыл трансформация мақсаттарын жүзеге асы-руға үлес қосуға көмектеседі деп үміттенеміз.
Егер сіз «Жасыл трансформация жолындағы тұрақтылықты басқарудың Еуропалық тәжірибесі» курсын оқығыңыз келсе, біздің үй-лестірушіге хабарласыңыз: +7 701 962 41 43 Асанова Марина Алексан-дровна.

 

Жасыл трансформация жолындағы тұрақты дамуды басқарудың Еуропалық тәжірибесі (EPOS) Жасыл трансформация жолындағы тұрақты дамуды басқарудың Еуропалық тәжірибесі (EPOS)
Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus