TRUNAK

«Қазақстанда университеттік автономияға көшу»

TRUNAK

Жобаның үйлестірушісі:
Қарағанды мемлекеттік медицина университеті

Еуропалық серіктестер: Еуропа университеттер Қауымдастығы, Лунд университеті(se), Люблян университеті(si), Люблян технологиялық университеті(pl), Савония қолданбалы ғылымдар университеті(fi), Ага-хан университеті – мұсылман өркениетін оқытатын институт(uk), Universita Cattolika del Sacro Cuore(it)
Қазақстандық серіктестер: Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі (kz),Қазақстан Республикасының денсаулық және әлеуметтік даму министрлігі(kz), Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті(kz), М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті(kz), Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті(kz), Астана медицина университеті(kz) және Қарағанды мемлекеттік медицина университеті(kz), Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті(kz)
Жүзеге асыру кезеңі: 2017-2020 жылдар
Жобаның мақсаты:
Бюджеттік және академиялық өзін-өзі басқарудың қандай деңгейі қажет екендігі туралы шешім қабылдай алатын, қазақстандық университеттердің өзін-өзі басқару модельдері төңірегіндегі консенсус үшін негіздерді қамтамасыз ету. Жоба еуропа елдерінде қолданылатын, ЖОО-лар автономиясы модельдерінің алуандығы туралы білімді арттырады.Өзін-өзі басқару саласындағы қажеттіліктерді анықтау мақсатында, қазақстандық университеттерге сұрау жүргізуді қамтамасыз етеді.
Жобаның аралық мақсаттары:
1. Университеттер автономиясының базалық модельдерін(жоғары білім беретін ерекше салалар, мысалы, медицина үшін баламалы модельдерді қоса алғанда) әзірлеу.
2.Серіктес-Университеттерде жүзеге асыру.
3.ЖОО-лармен және ұсынылған реформаларға қатысушылармен қарым-қатынас жасау үшін ақпараттық стратегия әзірлеу, реформаларды енгізудің кесте жобасын жасау.
4.Бір оқу орнында болатын және басқа қазақстандық ЖОО-ларға көмек көрсететін, өзін-өзі басқаруды жүзеге асыру бойынша Консультативтік топтар құру.
Тиімділігі мен нәтижелігі:
- Серіктестік келісімге қол қойылды(2017 жыл)
- Мемлекеттік медицина университетінің базасында Қарағанды қаласында kick-off meeting өткізілді(қараша 2017 жыл)
- Жұмыс тобы құрылды, негізгі тұлғалардың міндеттері (функциялары) анықталды(желтоқсан 2017 жыл)
- Сапа жөніндегі бірінші жоспар табыс етілді(қаңтар 2018 жыл);
Бізге файсбукте: trunak-project.kz арқылы қосылуға болады.

Жобаны жүзеге асыру:

Күні

Іс-шара

13-17 қараша 2017 жыл

Қарағанды мемлекеттік медициналық университеті базасында жобаға қатысушылардың алғашқы кеңесі өтті. Кездесу барысында жоба мүшелері бір-бірімен және Қазақстандағы автономияның жай-күйімен танысты.

5 наурыз 2018 жыл

Қарағанды мемлекеттік медициналық университетінде Эразмус+«Қазақстанда университеттік автономияға көшу TRUMAK» жобасының мониторингі өтті. Қазақстандағы  «Эразмус+» Ұлттық офисінің директоры Шайзада Тасбулатова және директордың орынбасары Жанара Қазбекова жоба нәтижелерін ұсынды. Кездесу барысында  проблемалар, операциялық және қаржылық қиындықтар талқыланып, сондай-ақ оларды шешу жолдары анықталды.
Кездесу уақытында жоба бойынша серіктестер жобаның орындалу барысын талқылады. Жұмыс топтарының мүшелері, аудиторияны жұмыс барысымен таныстыру үшін, жұмыс пакеттері бойынша көрсетілімдерді дайындады. Баяндамаларда  тұрақты даму үшін жобаның мақсаттары мен міндеттері, жоба мақсатының маңыздылығы, тиімділігі, таралушылығы және әлеуеті айтылды.

19-20 наурыз 2018 жыл

19-20 наурызда Брюссельде Еуропалық университеттер қауымдастығы(EUA) базасында Эразмус+ «Қазақстанда университеттік автономияға көшу TRUNAK» жобасын жүзеге асыру шеңберінде университеттер автономиясын зерттеу және бағалау бойынша оқытушы семинар болды. Университеттердің Еуропалық қауымдастығының қызметкерлері еуропалық бенчмаркинг негізінде университеттік автономияның анықтамалары, артықшылықтары мен оның құрылымдық жағдайлары туралы ақпарат берді.

TRUNAK консорциумы бойынша серіктестер  Еуропалық университеттер қауымдастығы әзірлеген, автономияны бағалау жүйесіне сәйкес автономияның ағымдағы жай-күйі туралы ақпараттарды жинау және талдау әдіснамаларын үйренді. Осы тәсілдеме автономияның төрт саласы үшін: ұйымдастырушылық, қаржылық, кадрлық және академиялық индикаторларды талдауға негізделген.

4-8 ақпан 2019 жыл

TRUNAK жобасы шеңберінде 2019 жылғы ақпанның 4-нен 8-не дейін семинарға Қарағанды медициналық университетінің, Еуропалық университеттер қауымдастығының, Лунд университетінің, Люблянск университетінің, мұсылман өркениетін зерттейтін Аға Хана-Институты Университетінің, Люблинск техникалық университетінің, Савония қолданбалы ғылымдар университетінің, дель Сакро Куоре Католик университетінің, Астана медициналық университетінің, М.Оспанов атындағы Батыс-Қазақстан мемлекеттік медициналық университетінің, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік-Қазақстан мемлекеттік университетінің; Х.Досмұхамбетов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің(Л.Қ.Құсаинова және А.А.Гарипова) өкілдері қатысты.

Еуропалық университеттер  қауымдастығының университеттерді басқарудағы ағымдағы жағдай бойынша есебі және жоғары білім беруді қалыптастыру процесі бойынша ұсынымдары таныстырылды. Ұсынымдарды әзірлеу үшін, барлық қатысушылар: -қаржылық автономия, кадрлық автономия, қаржылық және академиялық автономия 4 бағыты бойынша ұсынымдар және ұсыныстар қалыптастыру, оларды таныстыру мақсатында екі командаға бөлінген болатын. Барлық нәтижелер таныстырылымдар түрінде көрсетіліп, Люблинск техникалық университетінде(Польша) өткен, келесі семинарға қатысушыларға берілді.

12 акпан 2019 жыл

ERASMUS+  «Университеттік автономияға көшу TRUNAK» жобасының жұмыс тобының мүшелері - Л.Қ.Құсаинова, А.А.Гарипова ұсынымдар әзірлеуге арналған және кейін Лунд университетінде(Лунд қаласы, Швеция) өткізілетін, университеттік автономия моделін әзірлейтін алғашқы семинарлар сериясына қатысты. Жұмыс тобының мүшелері семинарлардан келгеннен кейін семинар-тренинг өткізіп, онда Қазақстан республикасында университеттік автономияның жай-күйіне жүргізілген талдаулар нәтижесінде алынған алдын ала нәтижелермен таныстырды, сондай-ақ университетте талқылау үшін алғашқы нәтижелер  таныстырылып, өз ұсыныстарын берді.

2019 жылдың 24 ақпанынан 3-ші наурызына дейін

Халықаралық бағдарламалар мен жобалар және Академиялық ұтқырлық Орталығының бас маманы Г.Ж.Тарпанова ERASMUS+ «Қазақстанда университеттік автономияға көшу»(TRUNAK) жобасын жүзеге асыру шеңберінде семинарға қатысты.

 TRUNAK жобасы шеңберінде Г.Ж.Тарпанова семинарларға және ұйымдастырылған тренингтерге қатысты.Мониторинг шеңберінде жобаны жүзеге асырудың әр түрлі аспектілері қаралды:

  • Ұйымдық автономия: реформалар үшін проблемалар/бағыттар;
  • Қаржылық автономия: реформалар үшін проблемалар/бағыттар;
  • Академиялық автономия: реформалар үшін проблемалар/бағыттар;
  • Кадрлық автономия: реформалар үшін проблемалар/бағыттар.

2019 жылғы наурыздың 3-нен 9-на дейін

Стратегиялық даму Департаментінің жетекшісі С.А.Муликова Люблин Технологиялық университетінде(Люблин қаласы, Польша) «Университеттік автономияға көшу TRUNAK» жобасымен жұмыс жасау шеңберінде өткізілетін семинар жұмысына қатысты. Семинар Қазақстан жағдайында университеттік автономия моделін әзірлеу оның мақсаты болып саналатын, шеберлік-сыныптарының логикалық жалғасы болып саналды.

15-16 мамыр 2019 жыл

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті базасында»Қазақстанда университеттік автономияға көшу» (TRUNAK) жобасын жүзеге асыру шеңберінде, автономияның базалық моделін әзірлеуге арналған семинар болып өтті. Семинарларда жұмыс пакетінің нәтижелері таныстырылды.

2. Автономияның 4 типтері бойынша кеңейту жөніндегі ұсыныс Development Словениядағы, Польшадағы, Швециядағы семинарларда және автономияны енгізу тетіктері Еуропалық серіктестер университеттерінде талыланды. Қазақстандық серіктестер Денсаулық сақтау министрлігімен, еуропалық серіктестермен, еуропалық университеттер Қауымдастығымен бірлесе отырып, семинар жұмыстарының барысында университет автономиясының базалық моделін құрудың және одан ары қарайғы алдағы  қадамдардың негізгі принциптерін әзірледі.

25 мамыр  2019 жыл

ҚЭУ-дің Ғылыми Кеңесінің отырысында ERASMUS + «Қазақстанда университеттік автономияға көшу TRUNAK» жобасы шеңберіндегі жұмыс нәтижелерінің таныстырылымы болды, онда ҚЭУ-дің кафедралары мен құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына, Люблинск технологиялық университетінде, Люблян университетінде, Лунд университетінде семинарлар барысында ERASMUS+ «Қазақстанда университеттік автономияға көшу TRUMAK» жобасының жұмыс тобы әзірлеген негізгі қорытындылар мен ұсынымдар таныстырылды. Талқылау барысында жоба нәтижелерін академиялық орта арасында тарату үшін, университеттік автономия проблемаларына арналған конференция өткізу туралы шешім қабылданған болатын.

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus