• Мамандықтың коды:

    8D04103

    Мамандықтың атауы:

    Мемлекеттік және жергілікті басқару

    Дайындық бағыты:

    Әлеуметтік ғылымдар және бизнес


8D04103 «Мемлекеттік және жергілікті басқару»

8D04103 «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша докторлық білім беру бағдарламасының мазмұнын «Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін мемлекеттік басқару», «Жаһандану және оның негізгі экономикалық процестерге әсері», «Қоғамдық шаруашылық ету теориясы» және т.б. сияқты пәндер құрайды.
Бұл қоғамның жаңғыртылуы мен білімнің үнемі жаңаруы жағдайында кәсіптік ғылыми және инновациялық іс-әрекет саласында, іргелі және қолданбалы экономикалық, басқарушылық зерттеулерді алға шығаруда, авторлық және бірлескен ғылыми жобаларды ұйымдастыру мен өткізуде, мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару саласында ғылыми зерттеулер шекарасын кеңейту және әмбебап мәселелерді алға шығаруда, мемлекеттік және жергілікті басқару тиімділігін арттыру мақсатында бағдарламалық қамсыздандыру мен ақпараттық жүйелерді қолдануда, ұлттық экономиканың тиімді дамуына макро және микроэкономикалық құралдардың ықпалын түсінуде, әкімшілік ету қағидаларын меңгеру, білім беру бағдарламаларын жетілдіруде, ҚР экономикалық, экологиялық, энергетикалық, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында, республиканың адами капиталын тиімді басқару саласында, өзінің білім алу траекториясын және кейінгі кәсіптік даму бағытын жобалауда құзыреттілікті қалыптастыруға мүмкіндік береді.
8D04103 «Мемлекеттік және жергілікті басқару» дайындық бағыты бойынша докторантура түлектері кәсіптік іс-әрекет объектілері ретінде таңдай алады: жоғарғы оқу орындары, ғылыми-зерттеу институттары, мемлекеттік басқару органдары, жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару органдары, ұлттық компаниялар, мемлекеттік зейнетақы, сақтандыру және т.б. қорлар, мемлекеттік кәсіпорындар, мемлекеттік емес мекемелер, халықаралық қорлар, әлеуметтік саясат және әлеуметтік басқару департаменттері, мемлекеттік басқару органдарының ақпараттық-талдау орталықтары.
Докторантура оқу мерзімі – 3 жыл. Білім беру формасы - күндізгі.
PhD докторантурасының білім беру бағдарламалары экономика саласында жоғары білім деңгейі, біліктілігі, дағдылары мен құзыреттілігі бар ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлауға бағытталған білім беру, әдістемелік және зерттеу іс-әрекетінің күшейтілген интеграциясына негізделген.
Докторантураның іргелі білім беру бағдарламасының негізін авторлық курстар, профессорлық ғылыми семинарлар, шетелдік профессорлар дәрістері, белгілі ғалымдар мен тәжірибе қызметкерлерінің мастер-кластары құрайды.
Ғылыми және қолданбалы зерттеулер Қазақстанның жетекші ғалымдарының ғылыми мектептері шеңберінде жүргізіледі.
Ғылыми-зерттеу іс-әрекетінің нәтижелі жүзеге асырылуына «Экономикалық және құқықтық зерттеулер» ғылыми-зерттеу институтының әрекет етуі, сонымен қатар «ҚҚЭУ – өңірлік даму институты» ғылыми консорциумының, мамандандырылған оқу, зерттеу лабораториялары мен кабинеттерінің әрекет етуі ықпал етеді.
Стратегиялық әріптес ретінде университеттің тұрақты бағдарлары ғылыми және шығармашылық зерттеулерде біздің корпоративті әріптестеріміздің сенімді желісін қалыптастыруға мүмкіндік берді: бұл қаржы-несие жүйесінің мекемелері, мемлекеттік басқару саласының департаменттері мен мекемелері, түрлі мекшік формасындағы кәсіпорындар, колледждер және т.б.
Бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асырудағы, академиялық мобильділікті арттырудағы ғылыми іс-сапарларды ұйымдастырудағы негізгі әріптес-ЖОО-р болып келесілер табылады: Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Еуропаның зерттеу институты, Германия, Инновациялық менеджмент Институты, Германия, Сент-Иштван университеті, Венгрия, Краков экономикалық университеті, Польша, Св. Кл. Охридский атындағы Софиялық университет, Болгария, Сантьяго де Компастелла университеті, Испания және т.б.

3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL