Ағымдағы жылдың 16-18 қазан аралығында университет қабырғасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында Қарағанды облысының колледж және ЖОО студенттерінің арасында «IT-WEEKEND.KZ-2018» тақырыбында хакатон өткізілді. Аталмыш сайысқа Экономикалық теория және мемлекеттік және жергілікті басқару кафедрасы, ГМУ-31к тобының, Жолдыбай Алтынай, Омаров Айбар, Кунанбаев Саяхат студенттері белсене қатысқандары үшін сертификаттарға ие болды. Ғылыми жетекшісі: магистр, оқытушы Ертай Хуанбек.
2018 жылдың 19 қазанында Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалықуниверситетінің Ғылыми-білім беру орталығында «Қазақстанда жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету: әлеуметтік-экономикалық және құқықтық мәселелер» атты дөңгелек үстел өтті.
Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі»: «Тәуелсіздік жылнамалары» кітабын талқылау бойынша оқу-конференциясы ұйымдастырылды.
ҚЭУ түлектрі үшін Стратегиялық даму департаменті 2018 жылдың 17-18 қазанында жұмысқа орналасу дағдылары бойынша семинар-тренинг ұйымдастырылды. Аталған семинарды «Рухани жаңғыру» аудандық кеңсесі «Атамекен» бағдарламасының жетекшісі психологиялық ғылымдар кандидаты Н.В.Красникова жүргізді. Тренинг бағдарламасында жұмыс іздеу алгоритмі, жұмыс берушімен сәтті келіссөздер жүргізу дағдылары, тиімді резюме жасау және кәсіби өзін-өзі анықтау үшін мүмкіндіктерді қамтыды.
2018 жылдың 15 қазанында №1 жатақханада «Туризм және меймейрамхана ісі» кафедрасының оқытушылары «Туған күн» атты іс-шара өткізді. Оқытушылар студенттермен бірге туылған күн иесін, РД-11к тобының студенті Авазхан Сымбатты құттықтады. Туған күнді тойлау достық атмосферада өтіп, студенттер атынан шағын сыйлық ұсынылды.
2018 жылдың 12 қазанында Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінде «Достық» Коворкинг орталығынының ұйымдастыруы арқылы «Қарағанды облысының жастар ресурстық орталығы» ҚБ өкілдерінің қатысуымен кездесу өтті. Кездесу барысында «Good Zone» коворкинг-орталығының таныстырылымы өтті. Орталық келесі салалар бойынша көмек көрсетуді көздейді: заңгерлік қолдау, ақпараттық кеңестер, семинарлар, өзін-өзі дамыту және өмір сапасын жақсарту, идеяларды талқылау және оларды шындыққа айналдыру, маркетингке көмектесу.Сонымен қатар, кездесу барысында «Сарыарқа» ӘКК өкілдері өздерінің қызметі және студенттік ғылыми қоғаммен әріптестігі туралы ақпарат беріп кетті. Кездесудің соңында қатысушылар жиналыс ұйымдастырушыларына сұрақтар қойды. Кездесу барлық мүдделі тараптар үшін өте қызықты және жемісті өтті.
2018 жылдың 12 қазанында ЕҚФ деканы Серікова Г.С., ЭБФ тәрбие-ісі деканының орынбасары Юсупов М.Т., «Банктік мендежменті және қаржылық нарықтары» кафедрасы оқытушысы Исанов А.С. және студент-волонтерлар Абай қаласында ауылдық мектеп түлектері үшін кәсіби бағдарлық іс-шарасын өткізді. Аталмыш іс-шараға қатысқан алыс мекендегі ауылдардың (Южный, Құлайғыр, Топар және т.б. ауылдар) түлектері алыстығына қарамастан, Абай аудандық білім бөлімі басқармасының күшімен, аталмыш іс-шараға қатысуға мүмкіндігіне ие болды.
Кәсіби бағдарлық іс-шараны өткізу барысында мектеп түлектеріне ҚҚЭУ мен БҚЭК жайлы бейне ролигі және презентациялары ұсынылды. Сонымен қатар түлектер анкеталар толтырды. Іс-шараны өткізу барысында бітіруші түлектер белсенділік танытып, маңызды сұрақтар қойып, тиісті жауаптар алды.
Өткізілген кәсібибағдарлық іс-шараның нәтижесі ретінде түлектердің тарапынан ҚҚЭУ қабырғасында экскурсияға және сынақ ҰБТ тапсыруына қазан-қараша айларында келуге қызығушылық танытты.
Қарағанды қаласының тұрғындарды еңбекпен қамту Орталығының өкілі Жакипбекова А.М., 2018 жылдың 10 қазанында соңғы курс студентерімен, жастар тәжірибесін ұйымдастыру және өту сұрақтары бойынша кездесу өткізді. Жастар тәжірибесі білім мамандығы бойынша (мамандықта) бастапқы жұмыс тәжірибесін алу үшін білім беру ұйымдарының түлектері үшін ұйымдастырылады.
29 жастан аспаған жұмыссыздар оқуды бітіргеннен кейін 3 жыл ішінде жастар тәжірибесіне жіберіледі. Жастар тәжірибесінің ұзақтылығы 6 айға дейін. Еңбек ақысы ай сайын төленеді. Жастар тәжірибесіне қатысу үшін жұмысссыздар еңбекпен қамту орталығына:
1) өтініш;
2) жеке куәлік көшірмесін;
3) еңбек кітапшасының көшірмесін (болса);
4) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің болуын растайтын құжат көшірмесін тапсырады.
Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының іс-шараларын жүзеге асыру аясында жазушылар одағының негізін қалаушы, қазақтың атақты ақыны, жалынды жазушысы, мемлекеттік қайраткері Сәкен Сейфуллиннің 125 - жылдық мерей тойына орай танымдылық сағаты өтті.
Студенттерді Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармаларымен таныстырды. «Жазушыдан революционерге дейін» атты басты еңбектері қойылған кітап көрмесі жабдықталды. «Лира» әдеби клубының қатысушылары ақынның өлеңдерін оқып, шығармаларынан үзінділер көрсетті.
Сәкен Сейфуллин өмірінің соңына дейін Қазақстан жазушылар Одағының негізін қалаған жетекшісі болып өтті. Қазақ жазушыларының арасынан ең алғашқылардың бірі болып Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды. Оқу-әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді.
Болашақ ұрпақ осындай Ұлы тұлғаларымыздың еңбектерімен танысып, мақтан тұтуға міндетті.
2018 жылдың 8 қазан мен 2 қараша аралығында Қарағанды экономикалық университетінің «Әлеуметтік жұмыс» және «Құқықтану» мамандықтарының студенттері үшін Стара Загора қаласының Тракия университетінің (Болгария) Генчо Вълчев PhD, доценті «Жеке тұлғаның әлеуметтік жұмыс істеуінің коммуникативтік аспектілері және негізгі кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру» тақырыбында дәріс оқиды.