2017 жылдың 4 қарашасында жоғары математика кафедрасының оқытушылары жалпы білім беретін мектептердің 9-11 сынып оқушыларының арасында математикадан Олимпиада өткізді. Олимпиадаға 20 мектептен 170 оқушы қатысты.
Олимпиада нәтижелері бойынша жүлдегерлер мен жеңімпаздар анықталды:
«Тілдарын-2017» республикалық тілдер олимпиадасының
ГРАН-ПРИ жүлдегері
РД-22 тобының студенті Марат Әлібекті құттықтаймыз!!!
10 қараша 2017 ж.
2017 жылдың 2 қараша күні "Алтын күз" күзгі жеңіл атлетикалық кросс қатысушыларын сертификатпен және университет ректорының кубогы үшін болған жүлдегерлерін мадақматамен марапаттау рәсімі салтанатты түрде өтті.
Құттықтаймыз!!!
Шағын-футболдан әйелдер арасында (мектеп, колледж) Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің ашық біріншілігінде ІІ орын иеленгені үшін ЭБҚ колледжі мен университет құрама командасын құттықтаймыз!!!
Қарағанды экономикалық университетінің командасы үш күн бойы 2017 жылдың 20 қазанынан 22 қазаны аралығында алғаш рет Startup Weekend Astana жобасына қатысты. Бұл –Астана қаласы әкімшілігімен, АҚ «Астана Innovations», МОST Бизнес-инкубаторымен жүргізіліп отырған Astana Innovations Challenge жобасының алтыншы іс-шарасы. ҚҚЭУ командасы «Meet and Cuidе» жобасын бірінші рет презентациялағаннан кейін ең күшті ондықтар қатарына ілігіп, екінші турға жіберілді.
Қарағанды экономикалық университетінде Қоғамдық саяси кеңес аясында (жетекші профессор Клишина М.В.) әлеуметтік жұмыс мәселелері бойынша проректор Абилов Қ.Ж. қатысуымен 19.09, 5.10, 6.10, 17.10, 24.10, 25.10, 26.10, 27.10 облыс дін мамандары, Қарағанды облысы дін істер басқармасы, «Виктория» оңалту орталығымен бірге рухани келісім күніне орай кездесулер, дөңгелек үстелдер, брифинг өткізілді.
Қазақ төңкерісіне 100 жыл толуына орай тарих сабағынан қызықты әрі танымды сабақты ҚЭУ-де т.ғ.д., профессор Абилов К.Ж. және «Әлеуметтік жұмыс және ҚХА» кафедрасының меңгерушісі п.ғ.к., доцент Абдакимова М.К., аға оқытушы Мустафин С.Ш. өткізді.
«Экология және бағалау» кафедрасы мектеп оқушылары арасында «Мен эколог» интеллектуалды ойынын өткізді. Қарағанды қаласының 12 мектебі қатысты. Мектеп оқушылары экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне арналған зияткерлік ойынында қызықты сайыстар мен викториналарға қатысты.
Жарыстың нәтижесі бойынша келесі жеңімпаздар анықталды:
1 орын - Лицей. С.Сатаров № 57, -9 сынып оқушылары;
2 орын - № 48 ОМ, -10 сынып оқушылары;
3 орын - № 33 ҚМУ, -10 сынып оқушысы.
«Ең шығармашылық ұжым» номинациясын № 51 ҚМУ командасы алды.
Ағымдағы оқу жылының 28 қазан күні университет қабырғасында Экономикалық теория және мемлекеттік, жергілікті басқару кафедрасының ұйымдастыруымен Қарағанды қаласының жалпы білім беру мектеп, гимназия және лицей оқушыларының арасында «Эрудит-2017» олимпиадасы өткізілді. Аталмыш олимпиадаға қаламыздың жалпы білім беру мектептері, гимназия және лицейлерінің 50 оқушы қатысты.
Олимпиада екі тілде өтті: қазақ тілі, орыс тілі.Бірінші кезең (іріктеу кезеңі) бойынша қатысушылар география, биология, дүниежүзі тарихы пәндері бойынша тесттік сұрақтарға жауап берді. Үздік балл жинаған 6 қатысушы екінші кезеңге өтіп, интеллектуалды викторинада қойылған сұрақтарға жауап беру арқылы өз араларында жеңімпаздарды анықтады.
Олимпиаданың 1 және 2 кезең қорытындысы бойынша төмендегі тізімдегі оқушылар жеңімпаз атанды. Жеңімпаздар университет ректорының шешімімен тағайындалған, 5%, 10%, 15% оқу ақысына жеңілдік қарастырылған сертификаттармен марапатталынды.
Мемлекеттік тілді оқушылар арасында жеңімпаз атанғандар:
1 орын – Марксова Ж (СОШ №77) , 2 орын – Маркс А. (СОШ №77) , 3 орын – Нарикбай Н. (КСШ №41)
Орыс тілді оқушылар арасында жеңімпаз атанғандар:
1 орын Раздеваев А. (СОШ №61); 2 орын - Бородин И. (СОШ №52), орын – Умаров Г.(СОШ №77)
Дипломдармен марапатталынғандар: Асанова М.(СОШ №77), Мейржанова А.(СОШ №41), Таскараев Н. (СОШ №61), Жанабай А. (СОШ №17), Ондасынова А.(СОШ №61), Хон В. (СОШ №52).
2017 жылдың 28 қазанында ҚҚЭУ-нің шетел және орыс тілдер кафедрасы қала мектептерінің түлектері арасында «КӨПТІЛДІ ТҮЛЕК - 2017» атты жыл сайынғы дәстүрлі олимпиаданы өткізді.
Олимпиада екі кезеңде өтті. Бірінші кезең - қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі лексика-грамматикалық тест, екінші кезең - үш тілде презентация ұсыну болып табылады . Олимпиаданың қорытындысы бойынша оқушылар дипломдармен және сертификаттармен марапатталды:
1-ші орын Аукен Акниет №36 орта мектебі және Болат Аслан № 57-ші мектеп, Балтабекова Адия №57 орта мектебі, №58 Тауық Әйгерім орта мектебі
2 - ші орын Спанбетова Арайлым №36 орта мектебі
3 - ші орын Азаматова Наргиз № 36 орта мектебі.
Сонымен қатар, «Көптілді сауаттылық» номинациясы бойынша № 57 Тұрсын Наркеш және«Жеңіске жету» номинациясымен № 88 Қашанов Адель марапатталды.
Мына оқушылар мақтау сертификаттарымен марапатталды:
1. Балтабекова Адия №57 орта мектебі.
2. Тауик Айгерим атындағы №57 орта мектебі
3. Аукен Акниет №36 ОБМ.
Бұл сертификаттар оқушыларға біздің университетке түскен жағдайда оқу жеңілдіктерін алуға мүмкіндік береді.