28 ақпанда «Экология және бағалау» кафедрасы «Экологиялық білім экологиялық мәдениет негізі ретінде» мемлекет басшысының жолдауына арналған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы- жахандық бәсекеге қабілеттілік» тақырыбында дөңгелек үстел өткізіліп келесі қонақтар шақырылды: РМБ «Экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің Қарағанды облысы бойынша экология департаменті» - Ибраева Маруа Базилкаримовна; КМҚК «жас натуралистер станциясы»-Мусатаева Айсұлу Болатбекқызы; КМҚК «жас натуралистер станциясы»-Олишевец Надежда Константиновна; Қоғамдық бірлестік «Экомұражай» - Сәдыбек Нұрболат Талғатұлы; Қоғамдық бірлестік «Экообраз» - Плискачева Елена Михайловна
2017 жылы 27 ақпанда «Әлемдік экономика мен халықаралық қатынастар» кафедрасының оқытушылары Абеуова С.Т., Арыстан М.И., Сыздыкбеков Е.С., Талимова Г.У., Байгожина Г.М., және «Халықаралық қатынастар» мен «Әлемдік экономика» мамандықтарының 3 курс студенттері Қарағанды облысы әкімі Н.К.Абдибековтың қатысуымен өткен «Бизнес-серіктестік: халықаралық экономикалық қатынастардың дамуы» атты халықаралық қазақстандық-оңтүстіккореялық форумына қатысты. Форумға «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Қарағанды облысының кәсіпкерлер Палатасы және Тэгу (Оңтүстік Корея) қаласы мэрінің орынбасары Ким Ён Чан мырза бастап келген делегация қатысты.
24 ақпан 2017 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде «Әлеуметтік салаға инновациялық қадам» атты Қарағанды қаласының ЖОО (ҚарМУ, Болащақ, ҚҚЭУ) байқау өтті. Байқауға қатысуға 16 әлеуметтік жоба қатысты, іріктеу кезеңінен 9 жобы өтті. ҚҚЭУ-нің ӘЖ және ӘСП ПОҚ мен ОПЭК-21к, СР-31к студенттерімен бірге байқауға 2 әлеуметтік жоба жіберілді. Байқау қорытындысы бойынша ОПЭК-21к тобы Қанатұлы Ж., Берікбай Ә., Ержан М. 2 жүлделі орынға ие болды, СР-31к студенттері Асхатқызы Н., Кәрімхан Ә., Ыбырай А. байқауға белсенді қатысқаны үшін дипломмен марапатталды.
22-ші ақпан 2017 жылы сағат 13-00-15.00 аралағында «Туризм және мейрамхана ісі» кафедрасы «Туризм» мамандығының Тур-24с, Тур-31к, Тур-21к, Тур-22 тобы студенттері Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайына «Мұражайтану» пәні бойынша кәсіпорын базасына шығу сабағын ұйымдастырды. Бағдарлама тақырыбы 2017 жылы Астана қаласында өтетін ЭКСПО-2017 көрмесінің ашылуына арналды.
Қарағанды облыстық мұражайы ұйымдастырған іс-шарада мұражай өкілдері «Мұражай туризмдегі әлеуметтік-медени кеңістік феномені ретінде» тақырыбында жоба-презентацияларын, Қарағанды облысы бойынша туристік-маршруттарын көрсетті. Аталмыш іс-шарада Қарағанды облысының мәдениет-мұрағат және құжаттама басқармасының жетекшісі Е.Ж. Агимбаев, және де ҚҚЭК «Туризм» мамандығының түлегі, Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқарамасы туризм және сыртқыэкономикалық байланыс бөлімінің жетекшісі Д.Б Альжанов қатысты. Сонымен қатар, іс-шарада қаланың және облыстың туристік фирмаларының өкілдері де болды.
Жалпы, іс-шараға қатысу барысында, студенттері жаңа дағдылар мен білімдерді игеріп, қажетті тәжірибе алды. Турфирма және мұражай өкілдері біздің «Туризм» мамандығы студенттеріне қызығушылық танытты, келешекте базаларында тәжірибе өтіп, ынтымақтастықты жалғастырамыз деп үміттенеміз.
Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінде «Орыс және шет тілдері» мен «Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар» кафедралары 25 ақпан 2017 ж. Қарағанды қ. жалпы білім беретін оқу орындарының 11 сынып оқушылары арасында кәсіптік бағдар беру жұмысының шеңберінде «ТІЛ БІЛГІРЛЕРІ» зияткерлік ойынын өткізді.
23.02.2017 «Туризм» мамандығының Тур 12 және Тур 14с, студенттері «Туризм және мейрамхана ісі» кафедрасының оқытушысы А.А. Гариповамен «Белсенді туризм түрлерінің техникасы мен тактикасы» пәні бойынша «Белсенді туристік қызметке физикалық дайындық» тақырыбы бойынша кәсіпорын базасында сабақ ұйымдастырылды.
Сабақ мақсаты студенттерді туристердің белсенді туристік саяхаттарға физикалық дайындықтар қағидалары және әдістерімен таныстыру. Студенттерге сынақ интруктаж жасалынып, қабырғаға өрмелеу техника қауіпсіздігімен, қажетті құрал-жабдықтармен таныстырылды. Студенттер өздерінің физикалық дайындықтарын айқындап, өрмелеу қабырғасының шыңын бағындырды.
23.02.2017 ж. ӘЭ мен ХҚ кафедрасы «Әлемдік экономика» және «Халықаралық қатынастар» мамандықтарының студенттеріне платиналық дәріс өткізді. «Іскер ортадағы кроссмәдени менеджмент» тақырыбындағы дәрісті Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасының жобалар басқармасының бастығы Кульмагамбетова Ж.Ж. оқыды.
Кроссмәдени менеджмент шетел компаниялары, фирмалары және кәсіпорындарымен іскерлік байланыс орнатуда өте жоғары маңыздылыққа ие.
11 ақпанда Қарағанды экономикалық университетінің «Экология және бағалау» кафедрасы биология пәні бойынша «Биология білгірі - 2017» атты олимпиада өткізілді. Олимпиадаға Қарағанды қаласының 125-ке жуық мектеп оқушылары қатысты.
Олимпиада қорытындысы бойынша ең жоғары балл жинаған жеңімпаздар:
1 орын – Алпысбаева Илана 11 кл – КГУ ОШ №1 Сарань
2 орын – Карпушина Алина 10 кл – СОШ №48
2 орын – Рахман Әлішер 11 кл – ОКШДС №77
3 орын – Олжабаев Аслан 11кл – ОКШИДС №68
3 орын – Токина Сабина 11 кл – ОКШИДС №77
10 наурызда «Экология және бағалау» кафедрасы жеңімпаздарды салтанатты түрде марапаттайды.
2017 жылдың 21 қаңтарында Есеп-қаржы факультетінің деканаты «Қаржы, салық салу және сақтандыру» кафедрасымен бірлесе отырып университеттің студенттеріне Қазақстан Республикасының Салық Кодексіндегі өзгерістер мен толықтырулар туралы семинар өткізілді.Семинарды Мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы Таханов А.Б. Елбасының биылғы Жолдауының кәсіпкерлер үшін жасалынған салықтық жеңілдіктер және өзгерістер туралы атап өтті.
2017 жылдың ақпан айының 15 күні экономика және басқару факультетінің шетел және орыс тілдері кафедрасының ұйымдастыруымен қытай күнтізбесі бойынша болатын Жаңа жыл мерекесі атап өтілді. Мерекеге «Халықаралық қатынастар» мен «Халықаралық экономика» мамандықтарының оқытушылары мен студенттері шақырылды. Мерекелік бағдарлама екпінді және қызықты өтті. МО-21к, МО-22, МО-23, МО-32 және МО-33к топтарының студенттері көрермендерді қытай тілінде салынған әнмен тамсандырды, қонақтар қытай халық билерін тамашалады, жаңа жылдық қытай тағамдарымен танысты. Сонымен қатар келген қонақтармен қытай халқының Жаңа жылдық әдеп-ғұрыптары жайлы білімдерін тексеретін сұрақ-жауап ойыны өткізілді.