2016 жылы 7 желтоқсан күні ҚҚЭУ «Халықаралық қатынастар» мамандығының ІІ курс студенті Есен Гүлдәурен Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде өткен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы және бүкіләлем тарихы мен халықаралық қатынастар кафедрасының 50 жылдығына арналған «Бүкіләлем тарихы мен халықаралық қатынастардың өзекті мәселелері» атты ғылыми-тәжірибелік конференцияда үздік баяндамасы үшін І орынды иеленді.
Есен Гүлдәуренді жеңісімен құттықтаймыз.
December 7, 2016 the student of the 2nd course of the specialty "International relations" of Karaganda economic university EsenGuldauren won the 1st place at the Republican scientific-practical conference "Actual problems of the world history and international relations" which was held in Karaganda State University named after E.A. Buketov. The conference dedicated to the 25th anniversary of the Independence of Kazakhstan and the 50th anniversary of the department of the world history and international relations of KSU.
Қазақстан Республикасы Тәуеліздігінің 25 жылдығына орай 2016 жылдың 08 желтоқсан күні экономикалық теория және мемлекеттік, жергілікті басқару кафедрасының ұйымдастыруымен «Нұрлы болашақ» тақырыбы аясында «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жыл кезеңінде жеткен ең маңызды жетістігі» резолюциясы бойынша интеллектуалды пікір-сайыс ойыны өткізілді. Интеллектуалды пікір-сайыс ойыны АПФ (Америкалық парламенттік формат) бойынша өтті. Қатысушы студенттер өзара пікір алмасып, Қазақстан Республикасының экономикалық, әлеуметтік саласындағы өзгерістер бойынша маңызды және құнды ақпараттарға ие болды. Ойынға қатысушыларға алғыс хаттар табыс етілді.
2016 жылдың 8 желтоқсан күні Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар кафедрасы дінтанушы, Қарағанды облысы әкімінің дін бойынша кеңесшісі, «Нұрлыбілім» деструктивті діни ағымдардан зардап шеккендерге көмек көрсету Орталығы төрағасының орынбасары Сыздықов Рүстем Мәлікұлының «Діни-ынталанған экстремизм мен халықаралық терроризмге қарсы профилактикалық іс-шаралар» тақырыбында дәріс өткізді
Шетел және орыс тілдері кафедрасы «КӨПТІЛДІ ЖАС ТҮЛЕК» атты тілдік Олимпиаданы жүргізді. Олимпиадаға Қарағанды және Саран қалаларынан 19 мектеп пен гимназияларынан 50 оқушы қатысты.
Олимпиада екі кезеңнен тұрды: 1) қазақ, орыс, ағылшын тілдері бойынша лексикалық және грамматикалық тест (әр тілге 10 сұрақ). Бірінші кезең нәтижесі бойынша тестілеуде ең жоғары ұпай жинаған 8 оқушы 2 кезеңге өтті.
Екінші кезең – таңдап алынған тақырып бойынша сөз сөйлеу. Бұл кезең құзыретті әділ – қазылар құрамымен бағаланды: ф.ғ.к., профессор Аубакирова Г.Т., п.ғ.к., доцент Мукушева Г.Р., п.ғ.к., доцент Ускенбаева С.Т., магистр, оқытушы Абдрахманова С.Т.
Екі кезеңнің нәтижесі бойынша келесі оқушылар марапатталды:
1 орын – Ахметова Жансая (№ 76 ЖББОМ);
2 орын – Юркив Екатерина (№ 93 гимназия);
3 орын – Абилова Даяна (№ 36 ЖББОМ).
Шетел және орыс тілдері кафедрасының оқытушылары Базарбаева Л.Т., Гайнутдинова Г.Ф. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері» тақырыбында 1 курс студенттері арасында викторина жүргізді. Викторина сабаққа дайындалуға, шығармашылықты дамытуға, демалуға барлық мүмкіндіктер бар студенттер тұратын жатақханада өтті. Мемлекеттік рәміздер бойынша сайыс интерактивті түрде өтті және студенттер тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік рәміздері және тарихы бойынша жақсы білімдер көрсетті.
2016 жылдың 06 желтоқсан күні сағат 10.00-15.00 аралығында «Қарағанды облысының жастар ресурстық орталығы» КММ базасында ГМУ-41к, ГМУ-42 топтары арасында «Муниципалды менеджмент» пәні бойынша «Унитарлы және федеративті мемлекеттердегі муниципалды басқару» тақырыбы аясында дәріс және семинар сабақтары өткізілді. Дәріс және семинар сабақтарын э.ғ.к., доценті Жанбекова З.Х. Ертай Х. және Садыкова Аида Сайынована ұйымдастырды. Іс-шара мемлекеттік және орыс тілінде жүргізілді.
Қарастырылған негізгі сұрақ «Қарағанды облысының жастар ресурстық орталығы» КММ Қазақстан Республикасының муниципалды басқару субъектісі ретінде» атты тақырып бойынша талқыланды. Орталықтың басшы орынбасары Аида Сайынқызы жергілікті басқарудағы өзекті мәселелер мен перспективалары жөнінде сұрақтарды студенттермен қарастырды. Студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға тұшымды жауаптар беріліп, іс-шара қорытындыланды.
2016 жылдың 05 желтоқсан күні сағат 14.00-16.00 аралығында экономикалық теория және мемлекеттік, жергілікті басқару кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясының аясында «Еңбек-мемлекеттің дамуы үшін» атты еңбек ардагерлерінің студенттермен кездесу шарасын ұйымдастырды. Аталмыш кездесуге Қарағанды қаласының ардагерлер кеңесінің мүшелері, кафедраның ардагер оқытушылары және студенттер қауымы қатысты. Шақыртылған қонақтар: Колина М.К., Абдреимов И.Ш., Бакеев К.
Кездесу қорытындысы бойынша еңбек арагерлеріне алғыс айтылып, шағын сыйлықтар мен алғыс хаттар табыс етіледі, сондай-ақ студенттер арасында «Менің Қазақстанның гүлденуіне қосқан үлесім» тақырыбына өткізілген эссе байқауының қорытындысы жарияланып, үздіктер марапатталды.
1 орын – Югокпаева Дайана УА-22, ғылыми жетекшісі: ЭТ және МЖБ кафедрасының аға оқытушы Такирова Г.А.
2 орын – Милова Анастасия УА-14с, ғылыми жетекшісі: ЭТ және МЖБ кафедрасының магистр, оқытушысы Коккозова А.Б.
3 орын – Омаров Айбар ГМУ-11к, ғылыми жетекшісі: ЭТ және МЖБ кафедрасының магистр, оқытушысы Ертай Х.
Туризм және мейрамхана ісі кафедрасы 30-шы қарашада «Көшпенді өркениеті мұрасы» Халықаралық Қоғамдық қорымен бірге ҚР-ң Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай «Қазақстанда жасалған» акциясын қолдау мақсатында қолданбалы қолөнер шеберлерінің көрмесін өткізді.
Іс-шара барысында қолданбалы қолөнер шеберлері мастер-класстар өткізді. Келген қонақтар және де Малайзиядан келген студенттерде Жібек Жолы ғасырына тап болып, ұлттық құндылықтармен танысып, ұлттық асханадан дәм татты. Көрме нәтижесінде, қолөнер шеберлері өз туындыларын сата алады.
Желтоқсанның 6-сы "Парасат" Жас ғалымдар мен тілшілер ұйымымен Қазақстан Республикасының тəуелсіздігіңің 25 жылдығына байланысты "Экономиканы регионалдық өлшеуі:аумақтар үшің экономикалық өсуінің əдістері" тақырыбына дөңгелек үстел өткізді.
Баяндамашылар барлық тындарманға қазақстанның аумақтардың экономикалық дамуының жағдайы ,барлық көрсеткіштер аумақтардың арасында саралау байқалатынынды туралы жеңіл жəне түсінікті нысанда айтты. Бұл үйлемсіздікті төмендету үшің студенттер кластерді дамып,мүмкін болғанша көбірек кəсіпорындарды келтіру,аумақтық бюджетің көбейту жəне ұзақ мерзімді аумақтық мемлекеттік саясатын шығару ұсынды.
Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша қатысушылар мадақтамалармен жəне де алғыс хаттармен марапатталды.