2020 жылдың 2 наурызында "Достық "Коворкинг орталығы" технологиялық бизнес-инкубаторы "QazTech Ventures" акционерлік қоғамының Бизнес инкубациялау және акселерациялау департаментінің директоры О. У. Альтаевтың қатысуымен "Қазақстан Республикасында бизнес инкубаторларды дамыту" тақырыбында "Business talk" ұйымдастырды.
Іс-шара технологиялық кәсіпкерлік саласындағы студенттердің құзыреттілігін дамытуға бағытталды және "Qazaq Tech Ventures" АҚ мен ҚҚЭУ арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумды жүзеге асыру бойынша Жол картасын орындау шеңберінде өткізілді.
Олжас Альтаев инкубаторды қалай құру керектігін, стартаптармен қалай жұмыс істеу керектігін және инвестордың жобаларда не іздейтіндігі туралы айтты.
Іс-шара соңында спикер қатысушыларға алғысын білдіріп, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап берді.
ҚР БҒМ Ғылым комитетімен "Қазақстан Республикасында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық және қолданбалы мәселелері" тақырыбына ғылыми зерттеу жүргізу туралы келісім-шартты орындау аясында 2020 жылдың 29 ақпанында Қарағанды экономикалық университетінде "Қазақстан және Ресей заңнамасы бойынша көлік қауіпсіздігін қылмыстық-құқықтық қорғау" атты монографиясының тұсаукесері өтті. (Мәскеу, «ЮрЛитИнформ» баспаханасы, 2020). Презентацияны университеттің ЭҚЗ ҒЗИ ұйымдастырды.
Презентацияны монографияның авторлары: з.ғ.д., проф. Бакишев К. А. (КЭУК, Қазақстан) және з.ғ.д., проф. Чучаев А. И. жүргізді (О. Е. Кутафин атындағы ММЗУ, Ресей).
Презентациядан кейін з.ғ.д., проф. А. И. Чучаев "Сот төрелігіне қарсы қылмыстар: теория және құқық қолдану мәселелері" тақырыбында дәріс оқыды.
Презентация мен дәріске Қарағанды қ. оқу орындарының кафедра оқытушылары, студенттері, магистранттары мен докторанттары қатысты.
Бірлескен іс-шаралардың бекітілген жоспарын жүзеге асыру аясында Қарағанды облысының ПД және ЖҚжАП кафедрасы 2020 жылдың 21 ақпанында сағат 11.00-де, 206 аудиторияда Қарағанды қаласы ПБ бастығы полиция подполковнигі А. Б. Ахметовтың қатысуымен дәріс өткізді. Сабақ тақырыбы "Жауап алу: іс жүргізу сипаттамасы, тактикалық ерекшеліктері, психолгиялық ерекшеліктері».Дәріс өте қызықты өтті, Студенттер өздерін қызықтырған барлық сұрақтарға жауап алды.
«Банк менеджменті және қаржы нарықтары» кафедрасының меңгерушісі мен ПОҚ Қарағанды қ. №52 ЖББОМ түлектеріне арналған «Қаржылық сауаттылық" атты апталығын өткізді.
Түлектер үшін ҚҚЭУ оқытушылары, коммерциялық банктердің топ-менеджерлері және басқа да лауазымды тұлғалар сөз сөйледі.
Мысалы, кафедра меңгерушісі Л. А. Талимова «Қаржы» мамандығы бойынша банк пен қаржы ұйымдары саласында жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы айтып берді.
Іс-шараның қорытындысы бойынша естелік суреттер жасалынды.
«Банктік менеджмент және қаржылық нарықтар» кафедрасы аға оқытушы Исанов А. С. № 6 ЖББОМ түлектеріне кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізді..
Түлектер үшін ҚҚЭУ, мамандықтар және басқа да мүмкіндіктер (жеңілдіктер, гранттар, мобильділік, спорттық-мәдени бағыттар және т.б.) туралы ақпарат берілді.
Сонымен қатар ҚҚЭУ туралы бейне-баян көрсетіліп, сауалнама жүргізілді.
Іс-шараның қорытындысы бойынша естелік суреттер жасалынды.
2020 жылдың 28 ақпанында Алғыс айту күні мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына орай университетте Алғыс айту фестивалі өтті. Алғыс айту күні - бұл Президенттік бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні, соның арқасында Қазақстанда жалпыұлттық бірліктің бірегей моделі құрылған. Мереке қазақ халқының ұлылығы, қонақжайлылығы, мейірімділігі мен ынтымағы дәстүрлерінен бастау алатын тарихи дәстүрлерге негізделген.
Фестивальде Орыс, Корей, Татар, Неміс, Өзбек және Әзірбайжан мәдениеті таныстырылды, онда студенттер ұлттық тағамдар, сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарын ұсынды, ұлттық костюмдер мен шығармашылық нөмірлер дайындады. Байқау бағдарламасын қазылар алқасы бағалады, оның қорытындысы бойынша номинациялар бөлінді: "Үздік ұлттық тағам" біріншілік Орыс ас үйі, "Үздік ұлттық костюм" - Неміс ұлттық костюмі, "Үздік шығармашылық нөмір" - Корей халық биі, "Үздік халық презентациясы" - Өзбек халқы.
Бұл күні қуаныш, жылу, игілік және бейбіт аспан тілейміз. Алғыс күні біздің қоғамда сенім, келісім мен достықты одан әрі нығайта берсін!
Қалың қардың түсуі нәтижесінде үйлердің, ғимараттардың төбелерінде қар жиналып, мұз сүңгілері пайда болады. Олар төбеден құлап, адамдардың жарақаттануына жарақатқа алуына әкеліп соғуы ықтимал.
Осыған байланысты, төбе ернеулерін қауіпсіз жағдайға келтіру үшін, уақытылы және түбегейлі шаралар қолдану қажет. Мұндай жұмыстарды жүргізу мүмкіндігі болмаса, жаяу жүргіншілер жағындағы қауіпті учаскелерді жіппен қоршап, ескерту белгілерін қою қажет.
Азаматтық қорғаныс штабы сүңгілердің құлауы салдарынан жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында университет студенттері мен қызметкерлеріне мынадай қауіпсіздік шараларын
ұсынады:
- Ескерту белгілері қойылған жерлерді айналып өтіңіз;
- Жоғарыдан шу естісеңіз, адымдап тез жүруге тырысыңыз;
- Көшеде құлаққап киіп жүрмеңіз, сіз төбеден құлап келе жатқан қардың дыбысын естімей қаласыз;
- Төбенің құламасы бар үйлерге жақындамаңыз;
- Электр беретін құрылғылардың желілерінен, ғимараттардың және басқа да нысандардың төбе ернеулерінен қардың құлауы мүмкін жерлерді айналып өтуге тырысыңыз;
- Төбеден құлайтын қардан және мұз сүңгілерінен сақ болыңыз!
Ата-аналар өз балаларына үйлер мен ғимараттардың маңында жүру ережесін сақтауды үйрету қажет. Қауіпті шатырдың астында ойнау қайғылы
оқиғамен аяқталуы мүмкін.
АҚ штабының бастығы Н.Әлімқұлов
2020 жылғы 25 ақпанда Экономистер апталығының аясында COMPLETE және CACTLE жобалық ресурстар орталығының директоры Косе Жанна Комековна Стивен Ковейдің «Жоғары тиімді адамдардың жеті дағдысы» кітабының тұсаукесерін өткізді. Студенттер үлкен қызығушылық танытты, мастер-класс аяқталғаннан кейін туындаған көптеген сұрақтар қойды, сонымен қатар кітап авторы ұсынған әдістер мен жаттығуларға қызығушылық танытты. Студенттердің сұрақтарына орай бұл тақырып студенттердің қызығушылығын тудырды деп айтуға болады.
Балқаш қ. М. П. Русаков ат. № 2 мектеп – интернат арасындағы меморандум аясында 21 ақпан 2020 жылы Экология және бағалау кафедрасының меңгерушісі, х.ғ. д., профессор Г. Г. Байкенова, кафедра доценті х. ғ. к. Г. К. Оспанова 4 блоктан құрылған ««Жасыл экономиканы» дамыту жағдайында оқушылардың экологиялық білімін қалыптастыру және тәрбиелеу» атты экологиялық форумға қатысты. Олар:
1. Мастер класс;
2. Экопавильон;
3. Видеофильм: Экология біздің ортақ үйіміз;
4. Пленарлық отырыс.
Экологиялық форумға мектеп директорлары мен Балқаш қаласының білім беру бөлімінің өкілі қатысты.
2020 жылдың 21 ақпанда Экология және бағалау кафедрасының меңгерушісі, х.ғ.д, профессор Г.Г. Байкенова және кафедраның х.ғ.д. Оспанова Г.К. Балқаш қаласының № 17 орта мектебінде кәсіптік бағдарлау жұмыстарын жүргізді. Мектеп қабырғасында № 4, 5, 7, 8, 10, 15, 17 мектептерінің осы жылғы түлектерімен кездесу өтті.