Назарбаев Университет қызметкерлерінің мастер-классы
2024 жылдың 26 ақпанында Назарбаев Университетінің қызметкерлері университетке қабылдау науқанын ұйымдастыру және әлеуетті талапкерлерді тарту бойынша тәжірибе алмасу мақсатында мастер-класс ұйымдастырды.
Спикерлер:
- Нұрхан Омарбеков, студенттерді қабылдау басқармасының басшысы;
- Сабырбекова Айжан және Қуаныш Мұсағожина, студенттерді қабылдау бөлімінің мамандары.
Тренинг барысында жаһандық бәсекелестік ортада студенттерді іріктеу, білім берудегі стратегиялық маркетинг, сондай-ақ НУ-ға талапкерлерді қабылдау үдерісін цифрландыру сияқты өзекті тақырыптар талқыланды. Мұндай шара тәжірибе алмасуға, қатысушылардың жеке және кәсіби өсуіне ықпал етеді.