Қазақстандағы Erasmus+ ұлттық кеңсесі үйлестірушісінің сапары

Қазақстандағы Erasmus+ ұлттық кеңсесі үйлестірушісінің сапары

2024 жылғы 18 маусымда Қазақстандағы Erasmus+ Ұлттық кеңсесінің үйлестірушісі Лаура Палуанованың іс-сапары өтті.

Сапар аясында Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің басшылығымен кездесу ұйымдастырылды. Университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы мен қызметкерлері үшін ұлттық үйлестіруші Erasmus+ бағдарламасы бойынша ақпараттық сессия өткізді. Сессия барысында әлеуетті жобалық командалармен бәсекелес жобалық өтінімдерді дайындау және қолданыстағы жобаларды іске асыру бойынша ұсынымдар талқыланды.

Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті Erasmus+ Jean Monnet Actions бағдарламасының ұтып алған грант саны бойынша Қазақстанда көшбасшы екенін атап өту керек. Қазіргі уақытта біздің университетіміз Jean Monnet Module «Жасыл трансформация жолындағы орнықты дамуды басқарудың еуропалық тәжірибесі» (EPOS), Jean Monnet Module «Еуропалық Одақтың көші-қон саясаты» (EUMP), Jean Monnet module «Орнықты дамудың заманауи эко-технологиялары: ЕО және Қазақстан тәжірибесі» (METOD) жобаларын іске асыруда. Бұдан басқа, біз Erasmus+ Capacity Building in Higher Education «Өтпелі экономикасы бар елдер үшін өнеркәсіптік кәсіпкерлікті басқару бойынша магистрлік бағдарламасын жасау» (MIETC) және «Айналмалы экономика және тұрақты даму бойынша инновациялық оқу бағдарламалары мен модульдерін әзірлеу» (CirculEC) жобаларын іске асыруға қатысамыз.

 

Қазақстандағы Erasmus+ ұлттық кеңсесі үйлестірушісінің сапары Қазақстандағы Erasmus+ ұлттық кеңсесі үйлестірушісінің сапары
Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus