Тәжірибеге бағдарланған ынтымақтастық: Қарағанды университеті мен «QazTehna» ЖШС жаңа бастамалары
2024 жылғы 31 қазанда Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінде «QazTehna» ЖШС өкілдерімен кездесу өтті, ол бейінді министрліктің міндеттері мен өңірлік қажеттіліктерді ескере отырып, білім беру бағдарламаларының практикалық бағытын күшейту үшін Жол картасын өзектендіруге арналған.
Іс-шара барысында «Connected-2024» конференциясында ұсынылған идеялар контекстінде ынтымақтастықтың негізгі бағыттары мен білім беру процесіне жаңа көзқарастар талқыланды. Басым міндеттердің қатарына оқу жоспарларын кәсіби стандарттарға және нарықтың өзекті сұраныстарына бейімдеу арқылы білім беру бағдарламаларының практикалық бағдарлануы мен сапасын арттыру жатады. Сонымен қатар, студенттерге қажетті білім мен дағдыларды алуға көмектесетін кәсіби модульдерді оқыту үшін практик-мамандарды тарту жоспарлануда.
Осы міндеттерді іске асыру үшін нақты бастамалар бөлінді:
• Кәсіпорындардан сарапшыларды тарта отырып, олардың өзектілігін және сала талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету үшін білім беру бағдарламаларын рецензиялау, кәсіпорында практикалық сабақтар өткізу.
• Студенттерге алған білімдерін іс жүзінде қолдану және құнды жұмыс тәжірибесін алу үшін ақылы практиканы ұйымдастыру.
• Кәсіпорын қызметкерлеріне өндірістен қол үзбей құзыреттерді меңгеруге мүмкіндік беретін университеттің цифрлық зертханасымен бірлесіп жұмысшылар үшін виртуалды оқыту курсын құру.
• Студенттер Хакатонын өткізу, онда қатысушылар командада жұмыс істеу және критикалық ойлау дағдыларын дамыта отырып, нақты бизнес-міндеттерді шеше алады.
Бұл бастамалар оқытуды тәжірибеге бағдарланған етуге мүмкіндік береді және түлектерді даярлау сапасын арттыра отырып, кәсіби қызметке дайындалуға көмектеседі. Университет пен «QazTehna» ЖШС олардың ынтымақтастығы өңірдің дамуына және жас мамандар үшін жаңа мүмкіндіктер жасауға айтарлықтай әсер ететініне сенімді.