«Парасаттылық сағаттары» және Дүниежүзілік сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні
Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінде Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қарағанды облысы бойынша департаментімен ынтымақтастық шеңберінде ұйымдастырылған барлық факультеттер мен студенттік жатақханаларда кезең-кезеңімен "парасаттылық сағаттары" өтті.
Кездесулерде келесі маңызды мәселелер талқыланды:
- 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы шеңберіндегі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес;
- Академиялық адалдық принциптері мінез құлық нормалары ретінде;
- Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру;
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мен парасаттылықты нығайтудағы әрбір азаматтың рөлі.
9 желтоқсанда Дүниежүзілік сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күнінде әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты жөніндегі проектор А.С. Орынбеков пен университет студенттері сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамытуға қосқан зор үлесі үшін грамоталармен марапатталды. Марапаттарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы С.Н. Перов табыс етті.
Бұл күні университетте студенттердің ашықтықтың, парасаттылықтың және жеке жауапкершіліктің маңыздылығы туралы түсініктерін қалыптастыруға бағытталған ашық пікірталастар мен тақырыптық кездесулер өтті. Іс-шараға қатысушылар жастарды адал және әділ қоғам құру үшін негіз ретінде жоғары моральдық-этикалық стандарттарға баулудың маңыздылығын атап өтті.
Мұндай іс-шаралар жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтарды нығайтуға және белсенді азаматтық ұстанымды дамытуға ықпал етеді.