РИЗАШЫЛЫҚ

РИЗАШЫЛЫҚ2014 жылдың 27 қараша күні Бизнес және құқық факультетінің
Ю-31с/к тобы және топ кураторы Киакпаев Д.Б. «Таңшолпан» балалар уйінде біздің елдің бірінші ханымы Сара Алпысқызы бастамасымен дәстүрлі түрде өтілетін «РИЗАШЫЛЫҚ» күні аталып өтті.

Ағымдағы жылы мереке күнінде демеушілер Қамқоршылық және қорғаншылық бөлімінің бастығы Исахова Айгуль Сапаровна, балалар мейрамын ұйымдастыру студиясы «RIO», Бизнес және құқық факультетінің Ю-31с/к студенттері және «НОВОЕ ТЕЛЕВИДЕНИЕ» жергілікті телекеналдың қатысуымен балалар үйінің тәрбиеленушілеріне жасампаздық шығармашылық арқылы еңбек дағдыларын дамытуға бағытталған сыйлықтар тапсырылды.

Мерекенің өткізу мақсаты– үйлесімді даму, рухани – адамгершілікті байыту, шығармашылық қабілеттерін және еңбек дағдыларын дамыту. Факультет студенттері балаларға шын жүректен өз мейірімдері мен махаббаттарын көрсетті және сыңғырлаған бала күлкісін сыйлады. Әрбір студенттің адамгершілік-рухани дамуы мен шығармашылық шыңдалуына толыққанды жағдай жасау-әрбір азаматтың мемлекетіміздің жарқын болашағының кемелденуіне, өркендеп-өсуіне қосқан үлесі болары сөзсіз.

 

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL