Семинар
2015 жылдың 14 қаңтар күні қазақ тілі және Қазақстан мәдениеті кафедрасы «ҚЭУ-дегі мемлекеттік тілді қолдану мен дамыту бағдарламасы бойынша орындалып жатқан іс-шаралар» атты семинар өткізді. (Жауаптылар: К.Т. Қабатаева, М.Ш. Тойжигитова).Семинарға проректорлар, бөлім басшылары, декандар, олардың орынбасарлары, кафедра меңгерушілері, оқытушылар мен қызметкерлер қатысты.Семинарда мемлекеттік тілдің қолдану және дамыту әдісін жетілдіру туралы тың ойлар айтылды.Семинарға қатысушылар белсенді түрде өз ойлары мен көзқарастарын білдірді. Олар: Ұлақов С.Н, Ханов Т.А., Гимранова Г.И, Кернебаев А.С, Жақсыбаева Г.М, Хауия С. т.б.Семинар соңында орта және жоғары деңгейлерге арналған курстардың оқулықтары мен сөздіктеріне презентация өткізілді.