«Экономикалық кафе» ойыны мен «Экономика» мамандығының дөңгелек үстелі

«Экономикалық кафе» ойыны мен «Экономика» мамандығының дөңгелек үстелі 2015 жылдың 28 қаңтарында салалар бойынша 0519000 «Экономика» мамандығының пән аптасы шеңберінде Оспанова Г.С. және Несипбаев Р.Е. оқытушыларымен Э-31к, Э-32 студенттік топтары арасында мемлекеттік және орыс тілдерінде «Экономикалық кафе» ойыны өткізілді. Аудиторияда кафе көрінісі жасалынды. Бес айналым ұсынылды: "Дәмтатымдар", "Бірінші тағамдар", "Екінші тағамдар", "Десерт", "Сусындар". Қатысушылар кезектесіп тағамдарды таңдады, сұрақтарға жауап берді. Тағамдар ассортименті алуан түрлі. Ұсынылды: экономика деңгейіндегі бутербродтар, "Қажеттілік" атты кесіліп қуырылған нандар, ақшадан жасалынған винегрет, сұраныс пен ұсыныстан дайындалған щи, "Берекелі" торты және тағы басқалар.
Жюри қорытындысын жасады. Әрбір топ өз капиталын жинады. Дегенмен, ең рентабельді болғандар Э-32 тобы. Белсенді қатысқан студенттер: Досов Адиль, Жунуспеков Азат, Садвокасова Гульмира, Гурский Стас.

 

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL