Этникааралық және конфессияаралық толеранттылық – Қазақстан тұрақты дамуының негізі
2015 жылдың 27 ақпанында, Қазақстан халқы Ассамблеясы (ҚХА) жылын мерекелеу шеңберінде, «Этникааралық және конфессияаралық толеранттылық – Қазақстан тұрақты дамуының негізі» атты ҚХА-ның 20 жылдығына арналған, Қазақстан ұлттары Ассамблеясы Хатшылығы өкілдерінің, этно-мәдени бірлестіктердің, Қарағанды облысы ҚХА ғылыми-сараптау мүшелерінің, студенттік жастардың қатысуымен дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелде құттықтау сөзімен тарих ғылымдарының докторы, профессор Абилов Қ.Ж. шықты.
Дөңгелек үстелге қатысқандар: - Қарғанды облысы әкім аппаратының «Қоғамдық келісім» ҚММ, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Рапиков Бауржан Серикбаевич, облыстық ҚХА Ғылыми-сараптау тобының (ҒСТ) басшысы, м.ғ.д., профессор Молотов-Лучанский В.Б., «Полония» поляк этно-мәдени бірлестігінің басшысы Хмелевский В.А., Қарағанды облысы ҚХА Ғылыми-сараптау тобының мүшелері, ҚҚЭУ проректоры, т.ғ.д., профессор Абилов Қ.Ж., ҚММУ Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының аға оқытушысы Мустафина Т.В., ҚММУ тәрбие және әлеуметтік жұмыс бөлімшесінің қоғамдық бірлестіктермен байланыс жөніндегі маманы, ҚХА ҒСТ хатшысы Милаева И.И., әлеуметтік жұмыс және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к., доцент Абдакимова М.К., ҚЭУ-де Белгород мемлекеттік ұлттық зерттеу университетінен академиялық мобильділік шеңберінде білім алатын Ресей студенттері Зимакова Елизавета мен Клименко Эльмира.
Дөңгелек үстелдің басты баяндамашылары Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметінің алуан түрлі аспектілерін баяндады, Қазақстанның тұрақты дамуының негізі болатын ҚХА этникааралық және конфессияаралық толеранттылығын нығайтудағы үлесі жайлы сөз қозғады.
«Бірлік – болашақ үшін» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.