Асық ойыны 2015 (Бейнежазба)

Асық ойыны 2015 (Бейнежазба)Наурыз — өте көнеден келе жатқан мейрам. Күні бүгінге дейін жер шарындағы көптеген халықтардың дәстүрлі мейрамына айналып отырған бұл мерекенің қашаннан бері тойланып келе жатқанын дөп басып айту қиын. Наурыз айы- Шығыс күн есебі бойынша жылдың алғашқы айы.Бұл айда кұн мен түн теңеледі, сол себептен Наурызжыл басы болып саналады.

Асық ойыны – қазақ халқының ежелгі өте кең тараған ұлттық ойын түрлерінің бірі. Оны көшпелі этномәдени өмір тудырған төлтума өнер деп танимыз. Ойынның басты объектісі де, құралы да – асық. Аталмыш ойын әсіресе балалар арасында кең тараған. Оларды ептілікке, мергендікке, ұқыптылықа, сергектікке баулыйтын тәрбиенің көзі. Тіліміздегі, қой асығы демеңіз, қолайыңа жақса сақа ғой немесеасығы алшысынан түсті.., бүге-шігесіне дейін анықтау... т.б. тіркестер тегін айтылмаса керек. Сондай-ақ қазақтар жақсы көрген жасты: алтын асықтай немесе киіктің асығындай шымыр деп атайтын үрдіс бар. Мұндай фразеологизмдер асықтың айырықша символдық мәніне қатысты қалыптасқаны анық.

Ойын жалпы ережеге сай қызықты өтті.Әділқазылар шешімімен жеңімпаздар анықталып 1 дәрежелі дипломмен Есеп және қаржы факультетінің «Сұр мергендер» командасы,2 дәрежелі дипломен Эканомика,бизнес және құқық колледжінің «Қайсар» командасы,3 Экономика және басқару факультетінің «Сұңқарлар» командасы марапатталды. Сонымен бірге жеңімпаздарға университет ректорының шешімі бойынша ақшалай сыйлық тапсырылды.

 

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus