Әке, ана, мен – спорттық отбасысы (Бейнежазба)

Әке, ана, мен – спорттық отбасысы (Бейнежазба)Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті қабырғасында Қазақстан халқы Ассамблеясының 20-жылдығы шеңбері мен Наурыз мейрамын тойлау қарсаңында спорт залда «Әке, ана, мен – спорттық отбасы» атты отбасылық байқау өтті. 4 факультет және экономика, бизнес және құқық колледжі атынан шыққан 5 команда күш пен ептіліктерін, шапшаңдық пен төзімділігін салыстыруда жарысқа түсу үшін жиналды. Ал, ең бастысы, жақынырақ танысып, бір бірімен достасу мақсатында.
Бірінші орынды Есеп және қаржы факультеті – Матушкиндар отбасысы иеленді.
Екінші орынды Бизнес және құқық факультеті командасы – Есимовтар отбасысы иеленді.
Үшінші орынды 3 команда бөлді: Экономика және басқару факультеті командасы – Ақшулаковтар отбасысы, ақпараттық-техникалық факультеті командасы – Бейсеналиндер отбасысы және Экономика, бизнес және құқық колледжі – Қасымбековтар отбасысы.
Командалар құнды сыйлықтармен марапатталды: "Redmond" мультиваркасы, "Brother" тігін машинасы және термопоттар.

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus