ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЗАҢГЕРЛІК КЛИНИКАСЫ
Заңгерлік клиника қызметінің мақсаты – халыққа құқықтық көмек көрсету және құқықтық ағарту, «Юриспруденция» мамандығы студенттерінде әлеуметтік қорғалмаған халық топтарына заңгерлік көмек көрсету дағдыларын қалыптастыру.
Заңгерлік клиника жұмыс уақыттары:
Дүйсенбі – жұмы 14:00 – 17:00
Байланыс аялары:
Қарағанды қ., Академическая көш. 9, ҚҚЭУ
203а кабинеті (ЭҚҚР кафедрасына жолығыңыз, 207 каб.)
E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.; Тел.: +7 (721) 2441568 (ішкі 126)
Заңгерлік клиника міндеттері:
1. Халыққа ақысыз құқықтық көмек көрсету;
2. Халықтың құқықтық сауаттылық деңгейін көтеру;
3. Аз қамсыздандырылған халық топтарына екпіндеп Қазақстанда әділ сотқа жүгінуге мүмкіндікті қамтамасыз ету;
4. Әлеуметтік бағдарланған кәсіби заңгерлік дүниеге көзқарасын тәрбиелеу;
5. Заңгерлік кәсіптің студенттердің тәжірибелік машықтарын игеруіне бағытталған оқу процесін қамтамасыз ету.
Көбінесе заңгерлік көмекті қажет тұтатын адамдар көптеген себептерге байланысты кәсіби заңгерлерге жүгіне алмайды. Соған байланысты, біздің есіктер зеңгерлік кеңестерді қажет ететіндерге әрқашан ашық. Біз өз клиенттеріміздің заңгерлік біліктілігін жоғарылату мәселесіне үлкен көңіл бөлеміз. Біз сіздерге өтініштер мен басқа да процессуалдық қағаздарды сауатты толтыруға жәрдем береміз.
Заңгерлік клиника қызметтерін ақысыз негізде көрсетеді.
Көмек ҚҚЭУ «Юриспруденция» мамандығының студенттері мен экономикалық қатынастарды құқықтық реттеу, жалпызаңгерлік және арнайы пәндер кафедралары профессорлық-оқытушы қауымының жетекшілігімен атқарылады.
Зеңгерлік клиника азаматтық, салықтық, отбасылық, еңбек, тұрмыстық және әкімшілік заңнамаларының сұрақтарымен айналысады.
Біз орнына ештеңе талап етпей-ақ сіздерге көмектесуге дайынбыз. Біз әділеттікті қалпына келтіру мақсатымен сұхбаттар жүргізу арқылы әрбір клиентке дара тіл табамыз.