«ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫНА 20 ЖЫЛ: ТИІМДІЛІК ЖӘНЕ ПЕРСПЕКТИВАЛЫҚ РЕФОРМАЛАУ СҰРАҚТАРЫ» ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛІ
2015 жылдың 27 мамырында Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті Бизнес және құқық факультеті «ҚР Конституциясына 20 жыл: тиімділік және перспективалық реформалау сұрақтары» дөңгелек үстелін тәжірибелік жұмыскерлердің қатысуымен өткізуде.
Студенттерді, магистранттарды, PhD докторанттары мен жоо мұғалімдерін іс-шараға баяндамаларымен қатысуға шақырамыз.
Талқылауға арналған сұрақтар: қазқстандық конституциялық моделінің жақын және шалғай келешектегі даму болжамдары. Қазақстандық конституционалисттерге болашақ отандық Конституция қалай көрінеді? Қазақстанның конституциялық дамауының қандай мәселелері он жылдан кейін де сақталады және қандай жаңа мәселелер туындайды? Болашақта мемлекеттанушылардың рөлі қалай өзгереді? Осы және басқа да көптеген қызықты сұрақтарды біз дөңгелек үстелдің барысында талқылауды жоспарлаймыз.
Дөңгелек үстелдің өткізілу жері мен уақыты: Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті бас корпусы, 1-қабат, аудитория 104 (конференц зал). Басталуы 14.00де.