ҚСС кафедрасының студенттері (Ф-22с тобы) «Startup Ideas Pitches 2015» атты стартап-жобалары байқауының жеңімпаздары болды
2015 жылдың 14 мамырында «Қаржы, салық салу және сақтандыру» кафедрасының студенттері (Ф-22с тобы) «Startup Ideas Pitches 2015» атты байқауына кафедраның ғылыми жетекшілерімен э.ғ.к., аға оқытушы Лукпанова Ж.О. және магистр, оқытушы Фазлетдинова З.Д., сонымен қатар есеп және аудит факультетінің СҒЗЖ бойынша жауапты магистр, аға оқытушы Танашева А.Б. бірге қатысты. Бұл байқау ЖШС «Технопарк Сары-Арка» өтті, байқау қорытындылары бойынша ҚҚЭУ екі командасы да жүлделі орындар мен II, III дәрежелі дипломдар иелері болды. Бұдан әрі жеңімпаздар бизнес-тренингілерге шақырылады, жобаларды іске асыруға белсенді түрде қатысады. Әрбір қатысушы байқауға қатысқаны үшін сертификатпен марапатталды, және жобаның «Белый ветер», «Altel», «Сарыарка» спосорларынан бағалы сыйлықтар алды.