19 мамыр күні Сембеков А.К. 2015 жылдың 19-21 мамырында Исламдық қаржылық қазметтер кеңесінің (IFSB) XII саммитіне қатысты
19 мамыр күні «Қаржы, салық салу және сақтандыру» кафедрасы меңгерушісі, э.ғ.д., профессор Сембеков А.К. 2015 жылдың 19-21 мамырында Алматы қаласында өткен Исламдық қаржылық қазметтер кеңесінің XII саммитіне қатысты. Самитте келесі сұрақтар қарастырылды: 1)«Қазақстан – Ислам қаржылық хабы» - ҚР Ұлттық банк төрағасы орынбасары Нұрлан Құсайынов. 2)«Ислам қаржыларының жаңа нарықтарда қалыптастырылуы. Қазақстан тәжірибесі» - Al-Hilal Ислам банкінің CEO Прасад Абрахам. 3)«Қазақстандағы ИСН аймақтық тәжірибесі» - аймақтық өкіл, ТМД & Еуропа, Самир Тагиев. 4)«Такафул Қазақстанда – келешегі мен қарсылықтар» - Такафул Қазақстан негізін қалаушысы және CEO Құралай Елдісбай. 5)«Қазақстандағы исламдық микроқаржыландырудың даму келешегі» - New Finance негізін қалаушысы және CEO Тимур Алим. 6)«Қазақстанның исламдық қаржылық саласына квалификацияланған мамандарды дайындау» - Исламдық қаржылардың даму ассоциациясмы төрағасы Заратқазы Нұрпейісов. Бұл саммит жыл сайын қатысу елдердің орталық банкілерінің қолдауымен өтіп отырады. Оның жұмысына 35 елден астам 300 делегаттан көп адам қатысты, солардың ішінде – бақылау және қадағалау органдарының, халықаралық қаржылық институттарының жоғары қызметтегі адамдар, қаржылық нарық қатысушылары, ғылым және білім саласының өкілдері. |
|