«XXI ғасыр түлегі: кілтті құзыреттері мен еңбектің жаңа нарығы» ЖОҒАРЫ БІЛІМ КӨШБАСШЫЛАРЫНЫҢ IV ЕУРАЗИЯЛЫҚ ФОРУМЫ
2015 жылдың 10 маусымы мен 12 маусымы арасында Астанада Назарбев Университетінде «XXI ғасыр түлегі: кілтті құзыреттері мен еңбектің жаңа нарығы» жоғары білім көшбасшыларының IV Еуразиялық Форумы өтті. Форум сессияларының негізгі тақырыптары: «Жаһандық дағдылар», «Еңбекпен қамту: экономика диверсификациясы жағдайындағы түлектердің дербес ұмтылымдары мен машықтары», «Университет, жұмыс беруші және қоғам: ортақ табыс мақсатындағы әріптестік», «Техникалық дағдылар: оқу арқылы ма, әлде тәжірибе арқылы ма?», «Бейімделу кезеңдері: мектеп, жоо, кәсіпорын». Форумға ҚР Білім және ғылым министрі Саринжипов А., ҚР ЖОО Ассоциациясы президенті Р.Алшанов, жоғары білім саласындағы халықаралық сарапшы Джамиль Салми (Марокко), Кембридж университетінің білім факультеті деканы Джеф Хевард, Назарбаев Университеті президенті Шигео Катсу және басқалар қатысты. Форум спикерлерінің сөздері жастардың еңбекпен қамтылу тұжырымдамасын талқылауға арналды. Форум қатысушыларының ойлары бойынша болашақта қажет етілетін дағдыларды алу өткенгіге қарағанда өзгешеленеді. Университет түсінігі дүниежүзіндегі ұқсас ойланатын мекемелердің үзіліссіз өзгеретін желісіне сәйкес келетіндей қайта құрылуы қажет. Форум жұмысына бірінші проректор – оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор э.ғ.к., профессор Бугубаева Р.О., стратегиялық даму департаментінің директоры п.ғ.д., профессор Муликова С.А. қатысты.