Қазақстанда «Ұлттық біліктілік шеңбері: құрылым әдіснамасынан қолдану дағдысына дейін» атты республикалық семинары өткізілді
2015 жылдың 8-9 маусымы аралығында Астана қ. ҚР Білім және ғылым министрлігі Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті негізінде Эрасмус+ Ұлттық бағдарламасы Кеңсесімен біргелесіп Қазақстанда «Ұлттық біліктілік шеңбері: құрылым әдіснамасынан қолдану дағдысына дейін» атты республикалық семинарын өткізді. Берілген іс-шара аясында Қазақстанда жоғары білім беруді реформалау жөніндегі Ұлттық сарапшылар командасы мүшелерімен мастер-класстар өткізілді, сонымен қатар Қазақстан жооларында аяқталған және әлі де жұмыс істеп жатқан Темпус жобалары нәтижелерінің қойылымы көрсетілді.
Біздің университет көрмеге Темпустың 2 жобасын қойды: CANQA «Сапа мен аккредиттеуді қамтамасыз ету жөніндегі Орталық-Азиялық желісі» және PERSEUS «Зерттеу-Ғылым-Өнеркәсіп қағидаты бойынша қоғамға пайдалы университеттерді құру».
ҚЭУ-дегі «Ұлттық және институционалдық деңгейлерде сапаны қамтамасыз ету жүйесі» CANQA нәтижелерімен мастер-класста Стратегиялық даму департаменті бас маманы Балмагамбетова Л.Т. таныстырды.
ҚЭУ-дің Темпус жобаларына қатысуы бойынша нәтижелерге сәйкес университет ректоры Е.Б.Аймагамбетов ҚР Білім және ғылым вице-министрі Т.Балқыбаев пен Қазақстандағы Эрасмус+ бағдарламасының ұлттық координаторы Ш. Тасбулатованың қолдары қойылған «Темпус жобаларының жүзеге асырылуын тиімді қолдап жатқаны үшін» атты дипломымен марапатталды, сонымен қатар Л.Т.Балмагамбетова «Жобаның тұрақтылығын қамтамасыз етуге салған жеке үлесі үшін» атты дипломымен марапатталды.